2010 жылға "Жастар іс-тәжірибесін" ұсынушы немесе құрушы кәсіпорындар, ұйымдар мен мекемелер тізбесін бекіту туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.01.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2010 жылға "Жастар іс-тәжірибесін" ұсынушы немесе құрушы кәсіпорындар, ұйымдар мен мекемелер тізбесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» және 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 12 наурыздағы № 765 «Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы «Дағдарыстан - жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қаулысына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2010 жылға «Жастар іс - тәжірибесін» ұсынушы немесе құрушы кәсіпорындар, ұйымдар мен мекемелердің тізбесі және еңбек ақы мөлшері қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.Ж. Әбіловке жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4
Мұнайлы ауданы әкімдігінің 25 қаңтар 2010 ж. № 3 қаулысына қосымша 2010 жылға «Жастар іс - тәжірибесін» ұсынушы немесе құрушы кәсіпорындар, ұйымдар мен мекемелер тізбесі және еңбек ақы мөлшері № Кәсіпорындар, ұйымдар мен мекемелер атауы Жұмыссыз-дар саны (адам) Бір адамға төлене- тін еңбек ақы мөлшері (теңге) Жұмыс мерзімі Қаржы- ландыру көзі 1 «Мұнайлы аудан әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі 1 20 000 6 ай Респуб- ликалық бюджет 2 «Мұнайлы аудандық ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі 2 20 000 6 ай Респуб- ликалық бюджет 3 «Маңғыстау облыстық халыққа қызмет көрсету орталығы» мемлекеттік мекемесінің Мұнайлы ауданы бойынша филиалы 2 20 000 6 ай Респуб- ликалық бюджет 4 «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы Маңғыстау облыстық филиалы» Мұнайлы ауданы бөлімшесі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны 1 20 000 6 ай Респуб- ликалық бюджет 5 «Мұнайлы ауданы бойынша мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық қадағалау басқармасы» мемлекеттік мекемесі 1 20 000 6 ай Респуб- ликалық бюджет 6 «Мұнайлы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі 1 20 000 6 ай Респуб- ликалық бюджет 7 «Мұнайлы аудандық орталық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны 3 20 000 6 ай Респуб- ликалық бюджет 8 «Мұнайлы» газеті редакциясы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны 1 20 000 6 ай Респуб- ликалық бюджет 9 «Мұнайлы ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесі 3 20 000 6 ай Респуб- ликалық бюджет 10 «Мұнайлы аудандық әділет басқармасы» мемлекеттік мекемесі 4 20 000 6 ай Респуб- ликалық бюджет 11 «Мұнайлы аудандық ардагерлер кеңесі» қоғамдық бірлестігі 1 20 000 6 ай Респуб- ликалық бюджет 12 «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясы» қоғамдық бірлестігінің Маңғыстау облысы Мұнайлы аудандық филиалы 1 20 000 6 ай Респуб- ликалық бюджет 13 «Мұнайлы аудандық прокуратурасы» мемлекеттік мекемесі 2 20 000 6 ай Респуб- ликалық бюджет Барлығы: 23