2010 жылы халықтың нысаналы топтарын жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі шаралар туралы
ҚАЗ2010 жылы халықтың нысаналы топтарын жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі шаралар туралы
Күшін жойған
Қаулы
·№ 16
·
қабылданған 16.01.2010
ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- 2010 жылы халықтың нысаналы топтарын жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі шаралар туралы
- Атауы (қаз.)
- 2010 жылы халықтың нысаналы топтарын жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі шаралар туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 16
- Қабылданған күні
- 16.01.2010
- Көрсетілген редакция
- 18.01.2010 · қолданыстағы AI50979_0.kaz
- Базадағы редакциялар
- 1
- Соңғы өзгеріс
- 18.01.2010
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V10NO000124
- ЭКБ идентификаторы
- 50979
- Редакция идентификаторы
- AI50979_0
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 09:17
0 2010 жылы халықтың нысаналы топтарын жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі шаралар туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5, 7-баптарына сәйкес Меңдіқара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Халықтың нысаналы топтарының тізбесі бекітілсін:
1 1) табысы аз адамдар;
2 2) жиырма бір жасқа дейінгі жастар;
3 3) балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар;
4 4) кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар;
5 5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдар бар азаматтар;
6 6) зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған);
7 7) мүгедектер;
8 8) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған
адамдар;
9 9) бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;
10 10) оралмандар;
11 11) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер;
12 12) жұмыс беруші-заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші- жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар;
13 13) ұзақ уақыт жұмыс істемейтін азаматтар (он екі айдан көп);
14 14) орта білім бітірушілері;
15 15) уәкілетті органның жолдамасы бойынша кәсіптік оқуды бітірген жұмыссыздар;
16 16) жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі жұмыссыз жастар;
17 17) елу жастан асқан жұмыссыз азаматтар.
2 2. "Меңдіқара ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі халықтың нысаналы топтарын жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі шараларды көздесін.
3 3. "Халықтың нысаналы топтарының тізбесін бекіту туралы" Меңдіқара ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 12 қаңтардағы № 24 қаулысының (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-15-99, "Меңдіқара үні" аудандық газетінде 2009 жылғы 12 ақпанда жарияланған) күші жойылды деп есептелсін.
4 4. "Халықтың нысаналы топтарының тізбесін бекіту туралы" әкімдіктің 2009 жылғы 12 қаңтардағы № 24 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Меңдіқара ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 23 қарашадағы № 349 қаулысы жойылсын.
5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С. К. Киікбаевқа жүктелсін.
6 6. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ
"Меңдіқара ауданының жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
____________________ С. Плотникова