Об организации общественных работ в 2010 году Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.12.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2010 жылғы қоғамдық жұмыстарды туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабының 5) тармақшасына, 20-бабының 5-тармағына сәйкес және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 "Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" қаулысымен бекітілген қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру ережесінің 6, 7, 8-тармақтарының негізінде Арқалық қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздардың, толық емес жұмыс уақыты режимінде жұмыспен қамтылған қызметкерлердің еңбек ақысы мөлшерінің, ұйымдардың, қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемінің тізбесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздарға, толық емес жұмыс уақыты режимінде жұмыспен қамтылған қызметкерлерге еңбек ақы төлеу қолданыстағы заңнамаға сәйкес нақты атқарылған жұмыстар үшін қала бюджетінің қаржысынан жүргізілсін.
Тармақ 3
3. Мыналар белгіленсін:
Тармақша 1
1) әлеуметтік қамсыздандыру мемлекеттік қорына әлеуметтік аударымдар мен әлеуметтік салық қалалық бюджеттен өтеледі және жұмыс берушілердің есеп шоттарына аударылады;
Тармақша 2
2) екінші деңгейдегі банкінің еңбек ақыны есепке қою және төлеу жөніндегі қызметіне комиссиялық сыйақысын төлеу шығындары жұмыс берушілердің есеп шоттарына қалалық бюджеттен өтеледі.
Тармақ 4
4. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру "Арқалық қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі және тізбеде белгіленген ұйымдар арасында қолданыстағы заңнамаға сәйкес қоғамдық жұмыстарды орындауға жасалған шартта көрсетілген жағдайлар бойынша жүргізілсін.
Тармақ 5
5. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бюджеттік бағдарламалар әкімгерлері тізбеде белгіленген ұйымдар еңбек ақы төлеген және қызмет көрсеткен кезде қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемін есепке алсын.
Тармақ 6
6. Әкімдіктің 2010 жылғы 25 қаңтардағы № 28 "2010 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" қаулысының күші жойылсын.
Тармақ 7
7. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Р.  С. Жақыповаға жүктелсін.
Тармақ 8
8. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 11
Арқалық қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 17 ақпандағы № 74 қаулысымен бекітілген Қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздардың, толық емес жұмыс уақыты режимінде жұмыспен қамтылған қызметкерлердің еңбек ақысы мөлшерінің, ұйымдардың, қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемінің тізбесі № Үйымдардың атауы Қоғамдық жұмыстардың түрлері Қоғамдық жұмыстардың көлемі, сағатпен Еңбек ақы төлеу 1 Қостанай облысы Арқалық қаласы әкімдігінің "Арқалық жылу- энергетикалық компаниясы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны
Тармақша 1
1) су өткізу желілерінің құдықтарын лайдан, қоқыстан тазартуға қатысу 4580 ең төменгі жалақының 1,5 мөлшері
Тармақша 2
2) техникалық тұздарды түсіруге және тасымалдауға қатысу, ұяларды тазарту 4500
Тармақша 3
3) қазандықтарды бұзып қаптағаннан кейін кірпіштерді сұрыптап, сылақтан тазартуға қатысу 2720
Тармақша 4
4) жылу-электр орталығының, су тазарту құралдарының, канализациялық сорғы станциялары аудандарының шөбін, түбірлерді, қамысты шабу, қардан тазарту 3917
Тармақша 5
5) су тазарту құралдарын тазартуға қатысу 1020 2 Арқалық қаласы әкімдігінің "Шаруашылық-А" коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
Тармақша 1
1) аумақты жинастыру 10080 ең төменгі жалақының 1,5 мөлшері 3 Арқалық қаласы әкімдігінің "Іскер" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны
Тармақша 1
1) Қайырбеков 44, 54, 56, 58, 76; Абай 70, 100, 106; Маясова 29, 31, 31а, 38, 40; Жәнібек 83, 85, 90, 90а, 104/1; Байтұрсынов 10, 17, 21, 23; Демченко 25, 27; Горбачев 35, 45; Майкөтов 18 көшелері үй астыларындағы қоқысты жинау 6880 ең төменгі жалақының 1,5 мөлшері
Тармақша 2
2) № 1, 2, 3, 4–учаскелер алдындағы аумақты тазарту (асфальт жолдарын, ауладағы тротуарларды) қардан, батпақтан, саздан тазарту, қураған ағаштарды кесу, аумақтағы түбірлерді шабу, ағаштарды ағарту, балалар алаңшаларын тазарту 29568 4 Арқалық қаласы әкімиятының "Арқалық қалалық теледидары мен радиосы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны
Тармақша 1
1) аумақты жинастыру 1054 ең төменгі жалақының 1,5 мөлшері 5 Арқалық қаласы әкімдігінің "Арқалықтың азық-түлік компаниясы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны
Тармақша 1
1) аумақты жинастыру 6720 ең төменгі жалақының 1,5 мөлшері 6 "Арқалық қаласының дене және спорт бөлімінің "Жігер стадионы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
Тармақша 1
1) хоккей алаңшасын және мұз айдынын тазартуға қатысу 4032 ең төменгі жалақының 1,5 мөлшері 7 Арқалық қаласы әкімдігінің "Тазарту" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны
Тармақша 1
1) аялдамаларды, тротуарларды қардан тазарту және асфальт-бетон жабындысының жиегін қардан күрекпен тазарту 13760 ең төменгі жалақының 1,5 мөлшері
Тармақша 2
2) 2, 5, 6-шағын ауданындағы және көшелердегі, Даңқ аллеясындағы, қалалық саябақтың артындағы су қоймасы жағалау, қалалық саябақ бойындағы қоқыстарды қолмен күнделікті тазарту 95000
Тармақша 3
3) шөптерді шабу, асфальт-бетон жамылғыларының жиегін батпақтан күрекпен тазарту 4128
Тармақша 4
4) Аңғар ауылындағы көшелерді тазарту, қурайларды шабу 2016
Тармақша 5
5) Аңғар ауылында ағаш отырғызуға, гүлзарлар егуге қатысу 1520
Тармақша 6
6) Алуа ауылындағы көшелерді тазарту, түбірлерді кесу, үйінділерді жоюға көмек көрсету 344
Тармақша 7
7) Көктау ауылындағы көшелерді тазарту, түбірлерді кесу, үйінділерді жоюға көмек көрсету 1888
Тармақша 8
8) Көктау ауылында ағаш отырғызуға, гүлзарлар егуге қатысу 504
Тармақша 9
9) Қайынды, Қызыл-жұлдыз ауылдарындағы көшелерді тазарту, түбірлерді кесу, үйінділерді жоюға көмек көрсету 1936
Тармақша 10
10) Қайынды, Қызыл-жұлдыз ауылдарындағы құдықтарды тазартуға, жөндеуге қатысу 504
Тармақша 11
11) Матросов ауылындағы көшелерді тазарту, түбірлерді кесу 336
Тармақша 12
12) Матросов ауылындағы құдықтарды тазартуға, жөндеуге қатысу 184 13 )Екідің ауылындағы көшелерді тазарту, үйінділерді жоюға көмек көрсету 1008
Тармақша 14
14) Жалғызтал ауылындағы көшелерді тазарту 336
Тармақша 15
15) Восточное ауылындағы көшелерді тазарту, түбірлерді кесу 336
Тармақша 16
16) Восточное ауылында ағаш отырғызуға, гүлзарлар егуге қатысу 352
Тармақша 17
17) Молодежный ауылындағы көшелерді тазарту, үйінділерді жоюға көмек көрсету 672
Тармақша 18
18) Жаңақала ауылындағы көшелерді тазарту, үйінділерді жоюға көмек көрсету 1232
Тармақша 19
19) Фурманов ауылындағы көшелерді тазарту, үйінділерді жоюға көмек көрсету 2656
Тармақша 20
20) Фурманов ауылындағы саябақтағы жасыл желектерді күту 704
Тармақша 21
21) Үштөбе ауылындағы саябақтағы жасыл желектерді күту 704