Об установлении дополнительного перечня лиц, относящихся к целевым группам населения на 2010 год Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.09.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Халықтың нысаналы тобына жататын тұлғалардың 2010 жылға арналған қосымша тізбесін белгілеу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына сәйкес Арқалық қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Халықтың нысаналы тобына жататын тұлғалардың 2010 жылға арналған қосымша тізбесі белгіленсін: техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім түлектері; үш және одан да көп ай жұмыс істемеген жұмыссыздар; бұрын жұмыс істемеген жұмыссыздар (еңбек өтілі жоқ); қырық бес жастан асқан жұмыссыздар; маусымдық және уақытша жұмыстарға қатысқан жұмыссыздар; жиырма төрт жасқа дейінгі жастар; уәкілетті органның жолдауымен кәсіби даярлықты және (немесе) қайта даярлықты, біліктілігін арттыруды бітірген жұмыссыздар.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Қ.Ш. Шаяхметовқа жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Келісілді: "Арқалық қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы ________________________ К. Омарова