Об установлении дополнительного перечня лиц, относящихся к целевым группам населения, на 2010 год Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.02.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2010 жылға арналған, халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізбесін белгілеу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабы 1 тармағы 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5 бабына сәйкес, әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу үшін 2010 жылға арналған, халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізбесі белгіленсін:
Тармақша 1
1) ұзақ уақыт (бір жыл және одан да көп) жұмыс істемейтін тұлғалар;
Тармақша 2
2) елу жастан асқан тұлғалар;
Тармақша 3
3) уәкілетті органының жолдамасы бойынша кәсіптік оқуды бітірген жұмыссыздар;
Тармақша 4
4) жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;
Тармақша 5
5) толық емес отбасылардың жұмыссыздары;
Тармақша 6
6) уақытша және маусымдық жұмыстарға қатысушы жұмыссыздар.
Тармақ 2
2. "Жітіқара ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі жоғарыда аталған тұлғаларды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі шараларды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Ж. Ақтаеваға жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. КЕЛІСІЛГЕН "Жітіқара ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы ________________ И. Григорьева