Об определении перечня целевых групп населения в Карасуском районе на 2010 год Қолданыста
Басқа 0
Қарасу ауданында 2010 жылға арналған халықтың нысаналы топтарының тізбесін бекіту туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 1-тармағының 13) тармақшасына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5-бабына, 7-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қарасу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2010 жылға арналған халықтың нысаналы топтарының тізбесі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. "Қарасу ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі халықтың нысаналы топтарын жұмыспен қамтуды жәрдемдесу жөніндегі шараларды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы оны алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ
"Қарасу ауданының жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
___________________ А. Ерменова
Басқа 4
Әкімдіктің
2010 жылғы 11 ақпандағы № 30
қаулысына қосымша
2010 жылға арналған халықтың нысаналы топтарының
тізбесі
Тармақ 1
1. Табысы аз адамдар.
Тармақ 2
2. Жиырма бір жасқа дейінгі жастар.
Тармақ 3
3. Балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар.
Тармақ 4
4. Кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдар бар азаматтар.
Тармақ 6
6. Зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалғанда).
Тармақ 7
7. Мүгедектер.
Тармақ 8
8. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар.
Тармақ 9
9. Бас бостандығынан айыру және мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар.
Тармақ 10
10. Оралмандар.
Тармақ 11
11. Бастауыш, орта және жоғары кәсіби білім оқу орындарынан түлектері.
Тармақ 12
12. Жұмыс берушінің-заңды тұлғаның жойылуына не жұмыс беруші-заңды тұлға қызметінің тоқталуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқартуына байланысты босатылған адамдар.
Тармақ 13
13. Бес жасқа дейінгі баласы бар ана.
Тармақ 14
14. Елу жастан үлкен адамдар.
Тармақ 15
15. Уәкілетті органының бағдары бойынша кәсіптік оқуды аяқтаған жұмыссыздар.
Тармақ 16
16. Ұзақ уақыт жұмыс істемейтін адамдар (он екі және одан астам ай).
Тармақ 17
17. Жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастағы жастар.