2010 жылы жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жіберу туралы Қолданыста
Басқа 0
2010 жылы жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жіберу туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 13) тармақшасы, Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7 бабына сәйкес қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2010 жылғы ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Арыс қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (М.Құлжабай) бекітілген тізбеге сәйкес 2010 жылға арналған жергілікті бюджетте қоғамдық жұмысқа қарастырылған қаражат шегінде жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға ұйымдастыруды жүзеге асырсын.
Тармақ 3
3. Қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздардың еңбекақысы Қазақстан Республикасындағы жалақының ең төменгі мөлшерінде белгіленсін.
Тармақ 4
4. Арыс қаласының экономика және қаржы бөлімі (Ж.Оспанов) қоғамдық жұмыстағы жұмыссыздардың еңбекақысын төлеуге қаражаттың уақытылы бөлінуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары С.Сұлтановқа жүктелсін.
Тармақ 6
6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 7
Арыс қаласы әкімдігінің
2010 жылғы 9 ақпандағы
N 57 қаулысымен бекітілген
р/с
Ұйымдардың тізбесі
Жұмыстардың түрлері
Жұмыспен қамтылғандардың саны
1
Арыс қаласының тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі, Ауылдық округ әкімі аппараттары
Аймақтық қоғамдық жұмыстарды өткізуге көмектесу
32
2
Арыс қаласының тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі, Ауылдық округ әкімі аппараттары, мемлекеттік коммуналдық қызметпен айналысатын кәсіпорындар
Жолдар құрылысы, жолдарды жөндеуге көмектесу
10
3
Арыс қаласының тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі, Ауылдық округ әкімі аппараттары, мемлекеттік коммуналдық қызметпен айналысатын кәсіпорындар
Көгалдандыру, ағаштар отырғызу
60
4
Біріктірілген қорғаныс істері жөніндегі бөлімі, Ішкі істер бөлімі
Берілген өтінімдеріне сәйкес Біріктірілген қорғаныс істері жөніндегі және Ішкі істер бөлімдерінің жұмыстарына қатысу
40
5
Арыс қаласының тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі, ауылдық округ әкімі аппараттары, қалалық мектептер
Әлеуметтік, мәдени маңызы бар объектілерді салуға және жөндеуге қатысу
40
6
Арыс қаласының тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі, Ауылдық округ әкімі аппараттары, мемлекеттік коммуналдық қызметпен айналысатын кәсіпорындар
Тұрғын үй, шаруашылық ұйымдарына көмек көрсету
50
7
Арыс қаласының тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі, мемлекеттік тұрғын үй жөнінен қызмет көрсету мекемелері
Аймақтық экология сауықтыру, көріктендіруге көмектесу
40
8
Арыс қаласының тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі
Әлеуметтік маңызы бар және басқа да жұмыстарды ұйымдастыруға көмектесу
188
9
Мемлекеттік коммуналдық қызметпен айналысатын кәсіпорындар
Әлеуметтік маңызы бар жұмыстарды ұйымдастыруға көмектесу
20