Об определении целевых групп населения в Аулиекольском районе на 2010 год Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.02.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Әулиекөл ауданында 2010 жылға арналған тұрғындардың нысаналы топтарын белгілеу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5, 7-баптарына сәйкес, Әулиекөл ауданының әкiмдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Әулиекөл ауданында 2010 жылға арналған жұмыспен қамтуға ықпал жасау үшiн тұрғындардың нысаналы топтары қосымшаға сәйкес белгіленсін.
Тармақ 2
2. "Әулиекөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi тұрғындардың нысаналы топтарына кіретiн тұлғалардың жұмыспен қамтылуына ықпал жасау бойынша шараларды қамтамасыз етсiн.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкiмiнiң орынбасарына жүктелсiн.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 5
Әулиекөл ауданы әкiмдігінің 2010 жылғы 10 ақпандағы № 46 қаулысына қосымша Жұмыспен қамтуға ықпал жасау үшiн 2010 жылға арналған Әулиекөл ауданындағы тұрғындардың нысаналы топтары
Тармақ 1
1. Аз қамтылғандар.
Тармақ 2
2. Жиырма бір жасқа дейiнгi жастар.
Тармақ 3
3. Балалар үйлерiнiң тәрбиеленушiлерi, жетiм балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейiнгi балалар.
Тармақ 4
4. Кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғыздiлiктi, көпбалалы ата-аналар.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасының Заңдарында белгiленген тәртiппен асырауында тұрақты күтiмдi, көмектi немесе қадағалауды қажет етедi деп танылған адамдар бар азаматтар.
Тармақ 6
6. Зейнеткерлiк жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлiкке шығуына екi жыл қалған).
Тармақ 7
7. Мүгедектер.
Тармақ 8
8. Қазақстан Қарулы Күштерiнiң қатарынан босаған адамдар.
Тармақ 9
9. Бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар.
Тармақ 10
10. Оралмандар.
Тармақ 11
11. Жұмыс берушінің – заңды тұлғаның таралуына немесе жұмыс беруші – жеке тұлғаның қызметінің тоқтатылуына, жұмысшылардың саны немесе штаты қысқаруына байланысты босатылған тұлғалар.
Тармақ 12
12. Жоғары және жоғары оқу орындарынан кейін бiлiм мекемелерінің түлектері.
Тармақ 13
13. Техникалық, кәсіби және орта білімнен кейінгі білім беру мекемелерінің түлектері.
Тармақ 14
14. Ұзақ уақыт (он екі ай және одан астам) жұмыс істемейтін тұлғалар.