Об определении целевых групп населения и мер по содействию занятости и социальной защите в 2010 году Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.01.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2010 жылы халықтың нысаналы топтарын белгілеу және оларды жұмыспен қамту мен әлеуметтік қорғалуына көмек көрсету жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 13) тармақшасы негізінде, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5-бабына сәйкес Федоров ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Халықтың нысаналы топтары болып мынадай санаттар белгіленсін: аз қамтылғандар; жиырма бір жасқа дейінгі жастар; балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар; кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелейтін жалғызілікті көп балалы ата-аналар; Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген тәртібі бойынша асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қаже етеді деп танылған тұлғаларды күтетін азаматтар; жасы бойынша зейнеткерлікке шығуға (екі жыл қалған зейнеткерлік жасына дейінгі) тұлғалар; мүгедектер; Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған тұлғалар; бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған тұлғалар; оралмандар; жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі ұйымдардың түлектері; заң тұлғаны – жұмыс берушілерінің жоюға немесе жеке тұлғаны – жұмыс берушінің әрекет тоқтатуға босатылған тұлғалар, жұмыскерлердің штатты немесе саны қысқартуға байланысты; жоғары, орта- арнайы, кәсіптік білімін, және дайындау курс оқуын бітіргеннен кейін, жұмыс өтілі жоқ түлектер; ұзақ уақыт (жылдан артық) жұмыс істемейтін азаматтар; жиырма бір жастан бастап жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар; жұмыссыз ретінде жұмыспен қамту мәселелер жөніндегі өкілеттік органда тіркелген 50 жастан үлкен тұлғалар.
Тармақ 2
2. Федоров селосы және селолық округтердің әкімдері "Федоров аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен бірге халықтың нысаналы топтарына жататын адамдарды жұмысқа орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын.
Тармақ 3
3. "Федоров аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне:
Тармақша 1
1) халықтың нысаналы топтарына жататын адамдарды әлеуметтік қорғау жөнінде шаралар қабылдасын;
Тармақша 2
2) халықтың нысаналы топтарына жататын адамдардың жұмысқа орналасуына көмек көрсетуді қамтамасыз етсін;
Тармақша 3
3) халықтың нысаналы топтарына жататын адамдардың жұмысқа орналасуын бақылауды жүзеге асырсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары О. Ф. Федороваға жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі. КЕЛIСIЛДІ: "Федоров аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлімі" мемлекеттiк мекемесінiң бастығы ______________________ Т. Волоткевич 26 қаңтардағы 2010 жыл "Федоров ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы ______________________ В. Гринак 26 қаңтардағы 2010 жыл