Об определении целевых групп в 2010 году Қолданыста
Басқа 0
2010 жылда нысаналы топтарын анықтамасы туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес және халықтың нысаналы топтарын жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мақсатында Қамысты ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың келесі тізбесі анықталсын:
Тармақша 1
1) аз қамтамасыз етілгендер;
Тармақша 2
2) жиырма бір жасқа дейінгі жастар;
Тармақша 3
3) балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата - ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар;
Тармақша 4
4) кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызбасты, көп балалы ата - аналар;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдар бар азаматтар;
Тармақша 6
6) зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған);
Тармақша 7
7) мүгедектер;
Тармақша 8
8) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар;
Тармақша 9
9) бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;
Тармақша 10
10) оралмандар;
Тармақша 11
11) жоғары және жоғары білім орнын бітірген ұйымдардың түлектері;
Тармақша 12
12) заңды тұлға – жұмыс берушінің жабылуына немесе жеке тұлғалы - жұмыс берушінің қызметінің тоқтатылуына, жұмысшылар штатының немесе санының қысқартылуына байланысты жұмыстан босатылған тұлғалар;
Тармақша 13
13) жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;
Тармақша 14
14) ұзақ (жыл және көбірек) уақыт жұмыс істемегендер тұлғалар;
Тармақша 15
15) уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелген елу жастан асқан тұлғалар;
Тармақша 16
16) бастауыш және орта кәсіптік білім беру ұйымдарының түлектері;
Тармақша 17
17) толық емес отбасылардан жұмыссыздар;
Тармақша 18
18) жоғары және жоғары оқу білім беру ұйымдарынан кейін жұмыс тәжірбиесі жоқ, техникалық және кәсіптік орта білімнен кейінгі түлектері.
Тармақ 2
2. "Қамысты аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі есепте тұрған халықтың нысаналы топтарының жұмыссыздары үшін бар бос орындар мен бос жұмыс орындарына жұмысқа орналасу бірінші кезектегі құқығын, біліктілігін арттыруды, кәсіби даярлықтан өтуін, қоғамдық жұмыстарға қатысуын, сондай ақ әлеуметтік қорғаудың басқа да шараларын көрсетуді қамтамасыз етсін. Халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғаларды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі қабылданған шараларға ай сайынғы мониторинг жүргізсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Алмат Амантайұлы Қылыбаевқа жүктелсiн.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
КЕЛІСІЛДІ
"Қамысты аудандық жұмыспен қамту
және әлеуметтiк бағдарламалар бөлімі"
мемлекеттiк мекемесінің бастығы
_____________________ Иванченко Л.П.