О корректировании цен на 2010 год, представленных органами статистики для исчисления доходов от личного подсобного хозяйства, при назначении ежемесячного государственного пособия на детей до восемнадцати лет Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.01.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Он сегіз жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақылар тағайындағанда жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табысты есептеу үшін статистика органдарымен ұсынылған 2010 жылға арналған бағаларды түзету туралы Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару, өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағының 14) тармақшасына, "Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 2 қарашадағы № 1092 қаулысымен бекітілген, Балаларға арналған жәрдемақы алуға үміткер отбасының жиынтық табысын есептеу ережесінің 30–тармағына сәйкес Федоров ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Он сегіз жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақыны тағайындағанда жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табысты есептеу үшін статистика органдары 2010 жылға ұсынатын бағаларды түзету деректерді 60 процентқе азайту жолымен белгіленсін.
Тармақ 2
2. "Федоров аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне он сегіз жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы тағайындауға үміткердің жеке қосалқы шаруашылығынан алынған табыстарды есептегенде осы қаулыны басшылыққа алсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. КЕЛIСIЛДІ "Федоров аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлімі" мемлекеттiк мекемесінiң бастығы __________________ Т. Волоткевич 2010 жыл 26 қаңтар