2010 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы
ҚАЗ2010 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы
ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- 2010 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы
- Атауы (қаз.)
- 2010 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 47
- Қабылданған күні
- 16.02.2010
- Қолданысқа енгізілген күні
- 11.04.2010
- Көрсетілген редакция
- 16.02.2010 · қолданыстағы AI51418_0.kaz
- Базадағы редакциялар
- 1
- Соңғы өзгеріс
- 16.02.2010
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V10GG000052
- ЭКБ идентификаторы
- 51418
- Редакция идентификаторы
- AI51418_0
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 09:01
2010 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы
1. 2010 жылы қоғамдық жұмыстар жүргізілетін ұйымдардың тізбесі 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. 2010 жылға арналған қоғамдық жұмыс түрлері, көлемі мен нақты жағдайлары, қаржыландыру көздері, қоғамдық жұмыстарға сұраныстар мен ұсыныстар 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
3.«Мойынқұм ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (М. Есіркепов) ауылдық округтердің әкімдері азаматтарды қоғамдық жұмысқа тартқан кезде нысаналы топтарға жататын жұмыссыз азаматтарды ескерсін.
4. Қоғамдық жұмысқа қатысатын азаматтардың еңбек ақысы «2010-2012 жылдарға арналған Республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 7 желтоқсандағы Заңымен белгіленген ең төменгі жалақы көлемінің 1,5 еселенген мөлшерінде белгіленсін.
5 «Мойынқұм аудан әкімдігінің қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Б. Шынжарбеков) қоғамдық жұмыстарды жергілікті бюджеттен уақытылы қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
6. Осы Қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е. Жантоқовқа жүктелсін.
7. Осы Қаулы Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»:
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
"Жамбыл облысының Әділет департаменті
Мойынқұм ауданының Әділет басқармасы"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
Ә. Байтереков
16.02.2010 ж.
2010 жылы қоғамдық жұмыстар жүргізілетін ұйымдардың тізбесі
Мойынқұм ауданы әкімдігінің
2010 жылғы 16 ақпандағы
№ 47 қаулысына 1-қосымша
2010 жылы қоғамдық жұмыстар жүргізілетін ұйымдардың тізбесі
1. «Мойынқұм ауданы Кеңес ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
2. «Мойынқұм ауданы Бірлік ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
3. «Мойынқұм ауданы Биназар ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
4. «Мойынқұм ауданы Қызылтал ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
5. «Мойынқұм ауданы Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
6. «Мойынқұм ауданы Мойынқұм ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
7. «Мойынқұм ауданы Қылышбай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
8. «Мойынқұм ауданы Қарабөгет ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
9. «Мойынқұм ауданы Ұланбел ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
10. «Мойынқұм ауданы Күшаман ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
11. «Мойынқұм ауданы Хантау кенттік округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
12. «Мойынқұм ауданы Мирный кенттік округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
13. «Мойынқұм ауданы Шығанақ кенттік округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
14. «Мойынқұм ауданы Мыңарал ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
15. «Мойынқұм ауданы Ақсүйек кенттік округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
16. «Мойынқұм ауданы Ақбақай кенттік округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
17. «Қазақстан Республикасы Әділет министірлігі Жамбыл облысының Әділет Департаменті Мойынқұм аудандық Әділет басқармасы» мемлекеттік мекемесі
2010 жылға арналған қоғамдық жұмыс түрлері, көлемі мен нақты жағдайлары, қаржыландыру көздері, қоғамдық жұмыстарға сұраныстар мен ұсыныстар
Мойынқұм ауданы әкімдігінің
2010 жылғы 16 ақпандағы
№ 47 қаулысына 2-қосымша
2010 жылға арналған қоғамдық жұмыс түрлері, көлемі мен нақты жағдайлары, қаржыландыру көздері, қоғамдық жұмыстарға сұраныстар мен ұсыныстар
№ | Жұмыс түрлері | Нақты жұмыс жағдайлары | Көлемі | Қаржыландыру көздері | Сұраныс | Ұсыныс |
1. | Аудан аумағын экологиялық сауықтыру (көріктендіру көгалдандыру және тазалық жұмыстары) | 1. Арық тазалау 2. Күл-қоқыс шығару 3. Жол құрылысы және жөндеу көмектесу 4. Көгалдандыру | 80 километр 1600 тонна 60 километр 500 метр квадрат | Жергілікті бюджет | 77 | 30 |
2. | «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша егілген талдардың сақталуын қамтамасыз ету | 1. Тал егу оны күзету, суғару 2. Ескі талдарды ретке келтіру 3. Көгалдандыру | 20000 түп 50,1 гектар | Жергілікті бюджет | 77 | 30 |
3 | Барлығы | 154 | 60 |