Қолданыстағы ред. 05.03.2010

Кәсіпкерлік қызметтің тіркелген салық ставкаларын 2010 жылға белгілеу туралы от 05.03.2010 г. № 35-153 (Кәсіпкерлік қызметтің тіркелген салық ставкаларын 2010 жылға белгілеу туралы)

0

Кәсіпкерлік қызметтің тіркелген салық ставкаларын 2010 жылға белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің (Салық Кодекс) 422 бабының 2 тармағына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 13 тармағына сәйкес Жамбыл аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. Кәсіпкерлік қызметтің тіркелген салық ставкалары қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2

2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.

3

Жамбыл аудандық мәслихатының
«Кәсіпкерлік қызметтің тіркелген
салық ставкаларын белгілеу туралы»
2010 жылғы 5 наурыздағы № 35-153
шешіміне 1 қосымша
2010 жылға арналған тіркелген салық ставкалары
Рет

Салық салу объектісінің атауы
Тіркелген салықтың базалық ставкаларының мөлшері (айлық есептік көрсеткіш)
1
2
3
1.
Бiр ойыншымен ойын өткiзуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы
1,625
2.
Бiреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткiзуге арналған ұтыссыз ойын автоматы
3,12
3.
Ойын өткiзу үшiн пайдаланылатын дербес компьютер
1,625
4.
Ойын жолы
5
5.
Карт
2
6.
Бильярд үстелі
8,7
Ескерту: Тіркелген салықтың базалық ставкалары бір салық объектісіне белгіленсін.