О приеме и обустройстве оралманов, прибывающих по квоте иммиграции на 2010 год в город Алматы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.03.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Алматы қаласында 2010 жылға арналған көшіп-келу квотасы бойынша қоныс аударатын оралмандарды қабылдау және орналастыру туралы «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Заңын, «Оралмандардың 2009-2011 жылдарға арналған көшіп келу квотасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 17 қарашадағы № 690 Жарлығын басшылыққа алып, «Оралмандардың 2010 жылға арналған көшіп келу квотасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 5 ақпандағы № 74 қаулысын орындау мақсатында Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес ұсынылсын:
Тармақша 1
1) Көші-қон комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті (келісім бойынша): жылға арналған Алматы қаласына көшіп-келу квотасы бойынша қоныс аударатын 140 оралмандар отбасыларын (бұдан әрі мәтін бойынша-оралмандар) қабылдауды, орналастыруды, тіркеуді және есебін жүргізуді; көшіп-келу квотасы бойынша көшіп келген оралмандарға және олардың отбасы мүшелеріне біржолғы жәрдемақылар мен өтемақыларды төлеуді;
Тармақша 2
2) Алматы қаласы Ішкі істер департаментінің Көші-қон полициясы басқармасы (келісім бойынша) оралмандардың Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға және Алматы қаласының аумағында тұруға рұқсат беретін құжаттар алып, дер кезінде тіркелуіне шаралар қабылдауды;
Тармақша 3
3) Алматы қаласы Әділет департаменті (келісім бойынша) Қазақстан Республикасының азаматтығын алғаннан кейін, оралмандарды дер кезінде тіркеуді және құжаттарын ресімдеуді;
Тармақша 4
4) Алматы қаласы бойынша Бақылау және әлеуметтік қорғау департаменті және «Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның Алматы қалалық филиалы (келісім бойынша) оралмандарға Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған зейнетақылар мен жәрдемақылардың уақытылы есептеп жазылуын жүзеге асырсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес:
Тармақша 1
1) Алматы қаласы Білім басқармасы мұқтаж оралмандарға мектепке дейінгі ұйымдардан, мектептерден және басқа да білім мекемелерінен орындар беруді;
Тармақша 2
2) Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасы оралмандардың тегін медициналық көмектің кепілді көлемін алуын;
Тармақша 3
3) Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы оралмандарға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмектің көрсетілуін, сондай-ақ, жұмысқа орналасуларына, біліктіліктерін көтеруге және жаңа мамандықтарды игерулеріне жәрдемдесуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары М.Ш. Мұқашевқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған соң он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі.