Құжат мәтініне өту

2010 жылы жастар практикасын ұйымдастыру туралы

Қаулы · № 4-118 · қабылданған 01.03.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 06.01.2011 редакциясы
https://adilet.kz/laws/2010-ekb-51635/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
2010 жылы жастар практикасын ұйымдастыру туралы Күшін жойған Қаулы ·№ 4-118 ·01.03.2010
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.

2010 жылы жастар практикасын ұйымдастыру туралы

ҚАЗ2010 жылы жастар практикасын ұйымдастыру туралы

Күшін жойған Қаулы ·№ 4-118 · қабылданған 01.03.2010

ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды

Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
2010 жылы жастар практикасын ұйымдастыру туралы
Атауы (қаз.)
2010 жылы жастар практикасын ұйымдастыру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
4-118
Қабылданған күні
01.03.2010
Көрсетілген редакция
06.01.2011 · қолданыстағы 51635_194583.kaz
Базадағы редакциялар
1
Соңғы өзгеріс
06.01.2011
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V10DA000117
ЭКБ идентификаторы
51635
Редакция идентификаторы
51635_194583
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 08:53

0 2010 жылы жастар практикасын ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңы 31-бабының 1-тармағы 13)-тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңы 7–бабының 6)-тармақшасына сәйкес, Талдықорған қалалық маслихаттың 2009 жылдың 10 желтоқсандағы "Талдықорған қаласының 2010-2012 жылдарға арналған бюджеті туралы" N 158 шешімін (Талдықорған қаласының әділет басқармасында Нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылғы 29 желтоқсанда тіркелген нөмірі 2-1-110, "Талдықорған" газетінің 2010 жылдың 15 қаңтарындағы 3-нөмірінде жарияланған), 2010 жылғы 18 қаңтардағы 2010 жылы өңірлік жұмыспен қамту және қайта даярлау стратегиясын іске асыру аясында, Алматы облысының бюджетіне бөлінген мақсатты трансферттер қорытындысы туралы еңбек және әлеуметтік қорғау Министрлігі мен Алматы облысы әкімінің арасындағы келісімін орындау мақсатында қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Жоғары оқу орындары, колледждер мен кәсіптік лицейлерді бітірген түлектер үшін, алты ай мерзімге дейін жастар практикасы ұйымдастырылсын.

2 2. Республика бюджетінен бөлінген ағымдағы мақсатты трансферттер есебінен жастар практикасына қабылданған тұлғаларға айлық жалақысы 20000 (жиырма мың) теңге белгіленсін.

3 3. "Талдықорған қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Ш.Б. Мұхаметжан):

1 1) жоғары оқу орындарын, колледждер мен кәсіптік лицейлердің түлектерін жастар практикасына қабылдау мен жолдауды;

2 2) жоғары оқу орындарын, колледждер мен кәсіптік лицейлерді бітірген түлектер үшін жастар практикасына уақытша жұмыс орнын ұсынуға тілек білдірген жұмыс берушілермен келісім шарттар жасауды;

3 3) жастар практикасынан өтетін азаматтардың жеке шоттарына еңбекақының ай сайын аударылуын қамтамасыз етсін.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары М.Қ. Көлбаевқа жүктелсін.

5 5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.