Азаматтарды 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.01.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Азаматтарды 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 наурыздағы № 960 "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Жарлығына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтар, 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлері мен әскери құрамаларының қатарына мерзімді әскери қызметке шақырылсын.
Тармақ 2
2. Әскери қызметке шақыру жұмысын жүргізу үшін төмендегі құрамда аудандық шақыру комиссиясы құрылсын: Ошақбаев Бақытжан Қаратайұлы - аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы, комиссия төрағасы (келісімі бойынша); Рахматулла Файзула Рахматуллаұлы - аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы, комиссия төрағасының орынбасары (келісімі бойынша); Бөлегенов Нұрлан Құрманұлы - аудандық ішкі істер бөлімі бастығының қызмет жөніндегі орынбасары (келісімі бойынша); Орынбеков Жұмахан Жүсіпханұлы - аудандық емхананың дәрігері, дәрігер-медициналық комиссияның төрағасы (келісімі бойынша); Түкібай Сәбира - аудандық емхананың медбикесі, комиссия хатшысы (келісімі бойынша).
Тармақ 3
3. Аудандық емхананың бас дәрігері (Ш.Құрманбекова-келісімі бойынша):
Тармақша 1
1) дәрігерлік комиссия құрамын қажетті мамандармен қамтамасыз етіп, комиссия жұмысы біткенге дейін дәрігерлер мен медбикелер негізгі жұмыс орындарынан босату және жұмыс орны мен лауазымын сақтау;
Тармақша 2
2) әскери дәрігерлік комиссияны қажетті құралдармен, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді ұйымдастыру;
Тармақша 3
3) дәрігерлік комиссиядан емделуге жолдама алған азаматтарды ауруханада жедел стационарлық тексеруден өткізу, анықталған ауруды емдеп, оларды келесі мерзімге дайындау жұмыстарын ұйымдастыру;
Тармақша 4
4) диспансерлік және амбулаториялық карта бойынша есепте тұратын, әскери қызметке шақырылуға жататын жастардың тізімін аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне тапсыру ұсынылсын. Әскери дәрігерлік комиссияның жұмыс орны Отырар аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі болып белгіленсін.
Тармақ 4
4. Отырар аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне (Б.Ошақбаев-келісімі бойынша) әскери қызметке шақырылған азаматтарды дәрігерлік комиссиядан және флюрографиялық тексеруден өткізу кестесін жасау ұсынылсын.
Тармақ 5
5. Аудандық ішкі саясат бөлімі (А.Темірбеков):
Тармақша 1
1) әскер қатарына шақыру учаскелеріндегі жастар арасында әскери патриоттық, интернационалдық тәрбие жұмыстарын;
Тармақша 2
2) ардагерлер кеңесімен бірлесе отырып, әскер қатарына шақырылғандарды салтанатты шығарып салу шарасын ұйымдастырсын.
Тармақ 6
6. Аудандық ішкі істер бөліміне (Қ.Жандарбеков-келісімі бойынша):
Тармақша 1
1) аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру қағазына келмей жүрген азаматтарды іздеп тауып, әскери дәрігерлік комиссияға жеткізілуін;
Тармақша 2
2) әскери қызметке шақырылған азаматтардың облыстық әскери дәрігерлік комиссияға бару қауіпсіздігін қамтамасыз ету ұсынылсын.
Тармақ 7
7. Отырар электр жүйелеріне (С.Есболаев-келісімі бойынша) шақыру комиссиясының жұмысы кезінде электр қуатының үзіліссіз берілуін қамтамасыз ету ұсынылсын.
Тармақ 8
8. «Мұқтар-Әлі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне (директоры Ж.Әлиев-келісімі бойынша) әскери қызметке шақырылған азаматтарды тасымалдау үшін аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің тапсырысы бойынша техникалық ақаусыз автобустармен қамтамасыз ету ұсынылсын.
Тармақ 9
9. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж.Асылбекке жүктелсін.
Тармақ 10
10. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. КЕЛІСІЛДІ Ошақбаев Бақытжан Қаратайұлы ______________ -аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы «1» 04 2010 жыл Жандарбеков Қажымұқан Әметұлы _____________ -аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы «01» 04 2010 жыл Бөлегенов Нұрлан Құрманұлы _____________ -аудандық ішкі істер бөлімі бастығының қызмет жөніндегі орынбасары «01» 04 2010 жыл Құрманбекова Шахаризада Мамытқызы ______________ -аудандық емхананың бас дәрігері «01» 04 2010 жыл Есболаев Сәкен Досаевич ______________ -Отырар электр жүйелерінің бас энергетигі «01» 04 2010 жыл Әлиев Жаңабай Әметұлы ______________ -«Мұқтар-Әлі» ЖШС директоры «01» 04 2010 жыл