Азаматтарды 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.05.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Азаматтарды 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 19, 20 баптарына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 наурыздағы "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімдегі әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шақыру және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" № 960 Жарлығына және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 30 маусымдағы "Азаматтарды әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және өткiзу ережесiн бекiту туралы" N 623 Қаулысына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Шақыруды кейiнге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегiзден жиырма жетi жасқа дейiнгi ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жетi жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтiң белгiленген мерзiмiн өткермеген азаматтар 2010 жылдың сәуiр-маусымында және қазан-желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiне, басқа да әскерлерi мен әскери құрылымдарына мерзiмдi әскери қызметке шақырылсын.
Тармақ 2
2. Әскери қызметке шақыру жұмысын жүргiзу үшiн төмендегi құрамда аудандық шақыру комиссиясы құрылсын: Тастанов Мақсат Шапатайұлы Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы, комиссия төрағасы /келісім бойынша/ Құрбан Керім Бархыұлы Аудан әкімі аппараты әкімшілік бөлімінің меңгерушісі, комиссия төрағасының орынбасары Ибрагимова Мұхаббат Балтабайқызы Аудандық емхананың тіркеу мейірбикесі, комиссия хатшысы /келісім бойынша/ Жоланов Ибрагим Төртбайұлы Аудандық ішкі істер бөлімі бастығының қызмет жөніндегі орынбасары, комиссия мүшесі /келісім бойынша/ Қуатов Рустем Тәңірұлы Аудандық орталық аурухана дәрігері, комиссия мүшесі /келісім бойынша/
Тармақ 3
3. "Қазығұрт аудандық емханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына (Д.Алтенов – келiсiм бойынша):
Тармақша 1
1) дәрiгерлiк комиссия құрамын қажеттi мамандармен қамтамасыз етiп, комиссия жұмысы бiткенге дейiн дәрiгерлер мен медбикелер негiзгi жұмыс орындарынан босатылсын және жұмыс орны мен лауазымы сақталсын. Әскери дәрiгерлiк комиссияның жұмысы Қазығұрт аудандық қорғаныс iстерi жөнiндегi бөлiмiнде өтедi. Жұмыс уақыты күнделiктi сағат 9.00- ден 18,00-ге дейiн. Демалыс күндерi сенбi жексенбi;
Тармақша 2
2) әскери дәрiгерлiк комиссияның қажеттi құралдармен, дәрi-дәрмекпен қамтамасыз етiлуiн ұйымдастырсын;
Тармақша 3
3) дәрiгерлiк комиссиядан емделуге жолдама алған азаматтарды ауруханада жедел стационарлық тексеруден өткiзу, табылған ауруды емдеп, оларды келесi мерзiмге дайындау жұмыстарын ұйымдастыру;
Тармақша 4
4) жастарды диспансерлiк және амбулаториялық картасы бойынша есепте тұратын әскери қызметке жататын жастардың тiзiмiн Қазығұрт аудандық қорғаныс iстерi жөнiндегi бөлiмiне тапсыру ұсынылсын.
Тармақ 4
4. Қазығұрт аудандық мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi (Р.Айтубай) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiне салтанатты шығарып салу кезiнде мәдени-көпшiлiк iс-шаралар ұйымдастырсын.
Тармақ 5
5. Қазығұрт аудандық iшкi саясат бөлiмi (Л.Әбдіқұлова) әскер қатарына шақыру орындарында жастар арасында әскери патриоттық, интернационалдық тәрбие жұмыстарын жүргiзсiн.
Тармақ 6
6. Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шiлдедегi "Әскери мiндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңына сәйкес, меншiк нысанасына және бағыныштылығына қарамастан барлық кәсiпорын, мекеме, ұйым және оқу орындары басшыларына кезектi әскери шақырылғандарды iс-сапарынан (демалыстардан) шақырып, олардың шақыру бекетiне дер кезiнде келуiн қамтамасыз ету ұсынылсын.
Тармақ 7
7. Ауыл округі әкiмдерi әскери шақырылушылардың уақтылы хабарландырылуын, аудандық жиналу бекетiне уақтылы жиналуы мен жеткiзiлуiн қамтамасыз етсiн. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiне кезектi әскерге шақырылушыларды салтанатты түрде шығарып салу рәсiмiн ұйымдастырсын.
Тармақ 8
8. "Абдиернұр" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгiне (А.Атымтаев – келiсiм бойынша) Қазығұрт аудандық қорғаныс iстер жөнiндегi бөлiмiнiң сұранысы бойынша шақырылғандарды тасымалдау үшiн жанар-жағармайы дайын және техникалық жағдайы жақсы автокөліктерді бөлу ұсынылсын.
Тармақ 9
9. Қазығұрт аудандық ішкi iстер бөлiмi (Н.Дауылбаев – келiсiм бойынша):
Тармақша 1
1) аудандық қорғаныс iстерi жөнiндегi бөлiмiнiң шақыру қағазына келмей жүрген азаматтарды iздеп тауып, әскери дәрiгерлiк комиссиядан өткiзу жұмыстарын жүргiзу;
Тармақша 2
2) облыстық әскери дәрiгерлiк комиссияға бару қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жұмыстарын ұйымдастыру ұсынылсын.
Тармақ 10
10. Қазығұрт аудандық экономика және қаржы бөлiмi (А.Раманқұл) аудандық қорғаныс iстер жөнiндегi бөлiмнiң шақыру жұмыстарын сапалы ұйымдастыру үшiн уақтылы қаржыландыруды қамтамасыз етсiн.
Тармақ 11
11. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Г.Тағаеваға жүктелсiн.
Тармақ 12
12. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi. КЕЛIСIЛДI: Қазығұрт аудандық қорғаныс iстерi жөнiндегi бөлiмнiң бастығы _______________________ М.Ш.Тастанов «30» наурыз 2010 ж. Қазығұрт аудандық iшкi iстер бөлiмнiң бастығы _______________________ Н.Н.Дауылбаев «30» наурыз 2010 ж. "Абдиернұр" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгiнің директоры _______________________ А.Р.Атымтаев «30» наурыз 2010 ж. «Қазығұрт аудандық емханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының бастығы _______________________ Д.С.Алтенов «30» наурыз 2010 ж.