Қазығұрт ауданына 2010 жылы жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу үшін әлеуметтік қолдауды ұсыну туралы Қолданыста
Басқа 0
Қазығұрт ауданына 2010 жылы жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық
сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу үшін әлеуметтік қолдауды ұсыну туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабы 1 тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы" Қаулысының 2 тармағына және аудан әкімінің мәлімдемесіне сәйкес аудандық мәслихат ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Қазығұрт ауданына 2010 жылы жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына, төмендегі көрсетілген мамандардың қажеттілігін ескере отырып, бір маманға жетпіс есептік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақысы және тұрғын үй сатып алу үшін алты жүз отыз есептік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит ұсынылсын.
Жалпы 52 маман, оның ішінде:
Тармақша 1
1) білім саласына – 27 маман;
Тармақша 2
2) денсаулық сақтау саласына – 23 маман;
Тармақша 3
3) мәдениет саласына – 1 маман;
Тармақша 4
4) спорт саласына – 1 маман.
Тармақ 2
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.