Қолданыстағы ред. 26.03.2010

2010 жылы халықтың нысаналы топтарын анықтауға, оларды жұмыспен қамтуға және әлеуметтік қорғауға жәрдемдесу шаралары туралы от 26.03.2010 г. № 62 (2010 жылы халықтың нысаналы топтарын анықтауға, оларды жұмыспен қамтуға және әлеуметтік қорғауға жәрдемдесу шаралары туралы)

0

2010 жылы халықтың нысаналы топтарын анықтауға, оларды жұмыспен қамтуға және әлеуметтік қорғауға жәрдемдесу шаралары туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5, 7-баптары, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңның 31-бабына сәйкес Науырзым ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Халықтың нысаналы топтарына мына санаттағылар жатады деп белгіленсін:

1

1) табысы аз адамдар;

2

2) жиырма бір жасқа дейінгі жастар;

3

3) балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар;

4

4) кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар;

5

5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдар бар азаматтар;

6

6) зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған);

7

7) мүгедектер;

8

8) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар;

9

9) бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;

10

10) оралмандар;

11

11) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер;

12

12) жұмыс беруші - заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші - жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар;

13

13) ұзақ уақыт жұмыспен қамтылмаған (он екі айдан асқан);

14

14) жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;

15

15) жұмыссыздар ретінде жұмыспен қамту мәселелері жөнінде уәкілетті органында тіркелген елу жастан асқан адамдар.

2

2. Жұмыспен қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі уәкілетті органы (одан әрі уәкілетті орган) халықтың нысаналы топтарына жататын адамдарды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдасын:

1

1) халықтың нысаналы топтарына жататын адамдарды әлеуметтік қорғау жөнінде шаралар қабылдасын;

2

2) халықтың нысаналы топтарына жататын адамдардың жұмысқа орналасуына жәрдемдессін;

3

3) халықтың нысаналы топтарына жататын адамдардың жұмысқа орналасуының орындалуын бақыласын.

3

3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Х.С. Қуатқановқа жүктелсін.

4

4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛIСIЛДI:
"Науырзым ауданының жұмыспен
қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі"
мемлекеттiк мекемесiнің
бастығы
_____________ Ә. Сансызбаев
"Науырзым ауданының қаржы
бөлiмi" мемлекеттiк
мекемесiнiң бастығы
___________ Р. Бөдекенова