Об организации льготного проезда на общественном пассажирском транспорте по маршруту "Город - дачи" для отдельных категорий граждан города Экибастуза на 2010 год Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.08.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2010 жылға Екібастұз қаласы азаматтарының жекеленген санаттары үшін "Қала - саяжай" бағыты бойынша қоғамдық жолаушылар көлігінде жеңілдікпен жол жүруді ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бап 1-тармақ 14-тармақшасына, "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 11-бабына, Екібастұз қалалық мәслихатының (ІV шақырылған кезекті ХІХ сессия) 2009 жылғы 25 желтоқсандағы "Екібастұз қаласының 2010 - 2012 жылдарға арналған бюджеті туралы" № 221/19 шешімінің негізінде, әрі және қала азаматтарының жекеленген санаттарына "Қала - саяжай" қоғамдық жолаушылар көлігінде жол жүру шығындарын өтеу мақсатында, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. "Қала - саяжай" бағыты бойынша қоғамдық жолаушылар көлігінде тегін жүру құқына мына санаттағы азаматтар ие болатыны белгіленсін:
Тармақша 1
1) жасына байланысты зейнеткерлер;
Тармақша 2
2) 3-топтағы мүгедектер.
Тармақ 2
2. Осы қаулының 1-тармағында көрсетілген азаматтар тегін жол жүру құқығын белгілеу үшін кондукторға (бақылаушыға) міндетті түрде келесі құжаттарды ұсынуы қажет:
Тармақша 1
1) жасына байланысты зейнеткерлер үшін-зейнеткерлік куәлігі;
Тармақша 2
2) 3-топтағы мүгедектер үшін-зейнеткерлік куәлігі.
Тармақ 3
3. "Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі", "Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі мен автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемелері "Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі мен автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қоғамдық жолаушылар көлігінде "Қала - саяжай" бағыты бойынша тасымалдауды жүзеге асыру конкурсында жеңіп шыққан, әрі жолаушылар көлігінде жолаушыларды тасымалдауды іске асыратын кәсіпорынмен (бұдан әрі - Кәсіпорын) бірлесіп айына бір рет қоғамдық жолаушылар көлігінде жекеленген санаттағы жолаушы азаматтар ағынының мониторингісін жүргізсін.
Тармақ 4
4. "Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі" мемлекеттік мекемесі:
Тармақша 1
1) кәсіпорынмен жекеленген санаттағы азаматтарды "Қала - саяжай" бағыты бойынша қоғамдық жолаушылар көлігінде тасымалдау бойынша қызмет көрсету туралы келісімшарт жасасын;
Тармақша 2
2) кәсіпорынға ақысыз жол жүру өтемі осы мониторинг негізінде Кәсіпорынның есеп шотына ақшалай қаражат аудару жолымен шығынын өтеуді жүргізсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және туындайтын құқықтық қатынаста таратылады.
Тармақ 6
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары Н.В. Дычкоға жүктелсін.