Об определении целевых групп населения, проживающих на административной территории Алтынсаринского района на 2010 год Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.04.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2010 жылға арналған Алтынсарин ауданының әкімшілік аумағында тұратын халықтың нысаналы топтарын анықтау туралы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 23 қаңтар 2001 жылғы Заңының 31-бабының 1-тармағының 13)-тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" 23 қаңтар 2001 жылғы Заңының 5-бабына, 7-бабының 2)-тармақшасына сәйкес Алтынсарин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қосымшаға сәйкес 2010 жылға арналған, Алтынсарин ауданының әкімшілік аумағында тұратын халықтың нысаналы топтары анықталсын.
Тармақ 2
2. "Алтынсарин ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі тұрғындардың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың жұмысқа орналасуына жәрдем беруді қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің бірінші орынбасарының міндетін атқарушы А.А. Кенжеғаринге жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 5
Әкімдіктің 2010 жылғы 7 сәуір № 95 қаулысына қосымша 2010 жылға арналған, Алтынсарин ауданының әкімшілік аумағында тұратын халықтың нысаналы топтары
Тармақ 1
1. Аз қамтылғандар.
Тармақ 2
2. Жиырма бір жасқа дейінгі жастар.
Тармақ 3
3. Жиырма үш жасқа дейінгі балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар.
Тармақ 4
4. Кәмелеттік жасқа толмаған балаларды тәрбиелеуші жалғызілікті, көп балалы ата-аналар.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасының Заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған, адамдары бар азаматтар.
Тармақ 6
6. Зейнеткерлікке шығу алдындағы тұлғалар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған).
Тармақ 7
7. Мүгедектер.
Тармақ 8
8. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босатылған тұлғалар;
Тармақ 9
9. Бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған тұлғалар.
Тармақ 10
10. Оралмандар.
Тармақ 11
11. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер.
Тармақ 12
12. Жұмыс берушінің-заңды тұлғаның таратылуына немесе жұмыс берушінің-жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлердің штаты немесе санының қысқартылуына байланысты босатылған тұлғалар.
Тармақ 13
13. Орта білімнен кейін және техникалық, кәсіби ұйымдардың түлектері.
Тармақ 14
14. Үш және оданда көп ай кіріс әкелетін жұмыс түрімен айналыспайтын еңбекке жарамды жастағы жұмыссыз тұлғалар.