Об организации и обеспечении проведения очередного призыва граждан в Вооруженные Силы, другие войска и воинские формирования Республики Казахстан в апреле-июне и октябре-декабре 2010 года Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.08.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына азаматтарды 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсаныннда кезекті шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңына, "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 наурыздағы № 960 Жарлығына және "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 наурыздағы № 960 Жарлығын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 15 сәуірдегі № 313 қаулысына сәйкес Қостанай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында шақыруды кейінге қалдыру немесе босатылу құқықтарынан айырылған, жасы он сегізден жиырма жетіге дейінгі еркек жынысы азаматтарды, сондай-ақ жиырма жетіге толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің бекітілген мерзімін өтемеген, оқу орындарынан шығарылған азаматтарды мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру өткізу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
Тармақ 2
2. Қоса берілген азаматтарды әскери қызметке шақыру өткізудің кестесі бекітілсін.
Тармақ 3
3. Селолық округтар, селолар, Затобол кенті әкімдері шақыруды өткізу кезеңінде хабарландыру ұйымдастырсын және шақырылушыларды "Қостанай облысы Қостанай ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі" мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне дер кезінде келуді қамтамасыз етілсін.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасы ішкі істер Министрлігінің Қостанай облысы ішкі істер Департаментінің "Қостанай ауданының ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығына (келісім бойынша) шақыруды өткізу кезінде медициналық және шақыру комиссияларды өту кезеңінде шақырушылардың арасында қоғамдық тәртіпті сақтау үшін Костанай ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің шақыру учаскесіне полицияның екі қызметкерін бөлу ұсынылсын.
Тармақ 5
5. "Қостанай ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі 2010 жылға қарастырылған қаржы бөлу шегінде Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына азаматтарды 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті шақыруды үйымдастыру және өткізу жөніндегі іс-шаралардың қаржыландыруын аудандық бюджет қаражатынан қамтамасыз етсін.
Тармақ 6
6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.А. Казинге жүктелсін.
Тармақ 7
7. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2010 жылдың сәуірінен бастап туындаған іс-әрекеттерге таратылады. КЕЛІСІЛДІ "Қостанай облысы Қостанай ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы ______________ Д. Айсин 2010.04.20 Қазақстан Республикасы ішкі істер Министрлігінің Қостанай облысы ішкі істер Департаментінің "Қостанай ауданының ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы ______________ М. Сейткулов 2010.04.20
Басқа 8
Әкімдіктің 2010 жылғы 19 сәуірдегі № 199 қаулысымен бекітілді Әскери қызметке азаматтардың шақыруын өткізу кестесі № р/с Село- лық округ- тардың, село- лардың кент- тің атауы Бар лы ғы Негізгі күндер қазан 4 5 6 7 8 11 12 13 14 15 18 19 20 21 22 25 26 27 28 1. Алек- санд- ров 31 31 2. Бо­рис- Ро­ма- нов 9 9 3. Бе­ло- зер 26 26 4. Вла­ди- ми­ров 91 45 46 5. Воск- ре­се- нов 12 12 6. Гла- зу­нов 72 45 7. Жда­нов 22 22 8. Жам­был 54 45 9. За­реч- ный 112 50 45 10 За­то- бол 356 50 50 45 11 Мәс­кеу 33 33 12 Май­көл 49 49 13 Ми­чу- рин 68 45 14 На­деж- дин 25 25 15 Озер- ный 35 35 16 Ок- тябрь 77 44 17 По­лов- ни­ков 10 10 18 Сад­чи­ков 38 38 19 Уль- янов 15 15 20 Шиш­кин 18 18 Бар­лы­ғы: 1153 50 50 50 45 45 45 47 44 45 41 44 38 45 45 38 33 49 33 46 таблицаның жалғасы: Негізгі Резервтегі қараша қараша желтоқсан 4 8 9 10 11 12 18 25 14 21 27 9 17 45 45 45 45 31 33