Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов на 2010 год Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.03.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мүгедектер үшін 2010 жылға арналған жұмыс орындары квотасын белгілеу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабы 5-2)-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 31-бабы 1)-тармақшасына, 2010 жылғы 18 ақпандағы № 2 сараптама қорытындысына сәйкес және статистикалық мәліметтердің негізінде Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Рудный қаласы бойынша жұмыс орындарының жалпы санынан үш пайыз мөлшерінде 867 жұмыс орнымен мүгедектер үшін 2010 жылға арналған квота белгіленсін.
Тармақ 2
2. "Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі:
Тармақша 1
1) мүгедектерді квотаға сәйкес жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу бойынша шаралар қолдансын;
Тармақша 2
2) мүгедектерді квота есебінен жұмысқа орналастыру мониторингін жүргізсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау әкімнің орынбасары А.А. Ишмұхамбетовке жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.