Әйтеке би ауданы бойынша 2010 жылға біржолғы талон құнын белгілеу туралы
ҚАЗӘйтеке би ауданы бойынша 2010 жылға біржолғы талон құнын белгілеу туралы
ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Әйтеке би ауданы бойынша 2010 жылға біржолғы талон құнын белгілеу туралы
- Атауы (қаз.)
- Әйтеке би ауданы бойынша 2010 жылға біржолғы талон құнын белгілеу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 188
- Қабылданған күні
- 16.04.2010
- Көрсетілген редакция
- 02.02.2011 · қолданыстағы 52268_213166.kaz
- Базадағы редакциялар
- 1
- Соңғы өзгеріс
- 02.02.2011
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V10CB000093
- ЭКБ идентификаторы
- 52268
- Редакция идентификаторы
- 52268_213166
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 08:27
0 Әйтеке би ауданы бойынша 2010 жылға біржолғы талон құнын белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 100 «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы Заңының 36-бабының 1, 6 –тармақтарына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1 1. Әйтеке би ауданы бойынша арнаулы салық режиміндегі кәсіпкерлік қызметін жүзеге асырушылар үшін бір жолғы талон құнының мөлшері № 1 қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2
2. Аудандық мәслихаттың «Әйтеке би ауданы бойынша біржолғы талон құнын белгілеу туралы» 2009 жылғы 29 қаңтардағы № 97 нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-2-69 рет санымен тркелген, 2009 жылы 5 наурызда аудандық «Жаңалық жаршысы» газетінің № 11-12 санында жарияланған шешімнің күші жойылсын деп танылсын.
3 3. Осы шешім ресми басылымда жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4 Аудандық мәслихаттың 2010 жылғы
16 сәуірдегі № 188 шешіміне № 1 қосымша
Бір жолғы талон құнының аудан көлеміндегі бір күндік мөлшері
Бір күндік төлем сомасы бекітілген есеп-айырысу көрсеткішінің пайыздық мөлшері көлемінде белгіленді. 2010 жыл үшін 1413 теңге.
№
Кәсіп түрлері
Бір күндік төлем сомасы теңгесі
А
Базар аумағындағы дүңгершектердегі, стационарлық үй-жайлардағы (оқшауланған блоктардағы) сауданы қоспағанда, базарларда тауарлар өткізу, жұмыстар орындау қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын жеке тұлғалар, дара кәсіпкерлермен заңды тұлғалар
1.
Комсомол, Қарабұтақ селосында Авто-көліктен сату
а а) жүк көтерімділігі 5 тн жоғары
б б) жүк көтерімділігі 5 тн дейін
Сөреден сату
Қолдан сату
1400
700
150
80
2.
Елді – мекендерде:
Авто-көліктен сату
Сөреден және қолдан сату
360
80
Б
Дүркін-дүркін сипаттағы қызмет түрлері
1.
Газеттер мен журналдар, сондай – ақ отырғызылатын материал (екпелер,көшет) бақша дақылдарын, саяжайларда және үй маңындағы учаскелерде өсірілген табиғи гүлдерді, қосалқы ауыл шаруашылығы, бағбандағы, жануарлармен құстардың жемдерін, сыпыртқылар, орман жидегін, бал, саңырауқұлақ, балық сату (стационарлық үй- жайда жүзеге асырылатын қызметтерді қоспағанда)
150
2.
Жер учаскелерін өндіру жөніндегі жеке трактор иелерінің көрсететін қызметтері
1400
3.
Үй жануарларымен құстарын бағуды жүзеге асыратын жеке тұлғалар
80