Об организации и обеспечении проведения очередного призыва граждан на срочную воинскую службу в Вооруженные Силы, другие войска и воинские формирования Республики Казахстан в апреле-июне, октябре-декабре 2010 года Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына азаматтарды 2010 жылдың сәуір-маусымында, қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
"Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 наурыздағы № 960 Жарлығына жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 15 сәуірдегі № 313 қаулысына және "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына азаматтарды 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруын жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы" Қостанай облысының әкімдігінің 2010 жылғы 15 сәуірдегі № 130 қаулысына сәйкес Сарыкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі мерзімді әскери қызметке шақырудан босатылуға немесе кейінге қалдыруга құқығы жоқ ер азаматтар, сондай-ақ шақыруды кейінге қалдыру құқығынан айырылған азаматтардың, соңымен қатар жиырма жетіге жасы толмаған оқу орындарынан шығарылған және әскерге шақыру бойынша әскери қызметті белгіленген мерзімде өтемеген азаматтарды 2010 жылдың сәуір маусымында, қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруды өткізу ұйымдастырылсын және камтамасыз етілсін.
Тармақ 2
2. Аудандық әскерге шақыру және медициналық комиссияларының жұмысын ұйымдастыру.
Тармақ 3
3. "Қазақстан Республикасы Ішкі Істер Министірлігі Қостанай облысының ішкі істер департаменті Сарыкөл ауданының ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығына (келісім бойынша) шақыруды өткізу және командаларды жөнелту кезеңінде ұсынылсын:
Тармақша 1
1) мерзімді әскери қызметке шақырудан жалтарып жүрген тұлғаларды іздестіруді және ұстауды өз құзыреті шегінде жүзеге асырсын;
Тармақша 2
2) шақыру комиссиясының жұмыс істеу және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне жөнелту күндерінде қоғамдық тәртіпті қолдау жөнінде жұмысты ұйымдастыру.
Тармақ 4
4. Ауылдық округтердің және Сарыкөл кентінің әкімдері әскерге шақырылушыларды комиссияға келу және жиналу пунктіне жіберу үшін уақытында және толық хабарландыру жөнінде шаралар қабылдасын.
Тармақ 5
5. "Сарыкөл ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі аудан бюджетінде ескерілген мөлшерде "Қостанай облысы Сарыкөл ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің өтінімі бойынша белгіленген мерзімде шақыруды қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 6
6. Берілген қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары С.М. Дүтпаевқа жүктелсін.
Тармақ 7
7. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2009 жылғы сәуірден бастап туындаған іс-әрекеттерге таратылады.
КЕЛIСIЛДI:
"Қостанай облысы Сарыкөл
ауданының қорғаныс iстерi
жөнiндегi бөлiмi" мемлекеттiк
мекемесiнiң (ММ) бастығы
_________________ Т. Өтегенов
"Қазақстан Республикасы ішкі
істер министірлігі Қостанай
облысының ішкі істер департаменті
Сарыкөл ауданының ішкі істер
бөлімі" ММ бастығы
________________ Т. Қиақбаев
"Сарыкөл орталық аудандық
ауруханасы" коммуналдық
қазыналық кәсіпорынның
бас дәрiгерi
______________ Ж. Құсаинов