О предоставлении дотации на воду, используемую для полива огородов отдельным категориям граждан, на 2010 год Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.08.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Азаматтардың жекеленген санаттарына бау-бақшаларын суару үшін пайдаланатын суға 2010 жылға демеуқаржы беру туралы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бап 1-тармағының 14-тармақшасына, Екібастұз қалалық мәслихатының 2009 жылғы 25 желтоқсандағы (IV шақырылған кезекті ХІХ сессия) "Екібастұз қаласының 2010 - 2012 жылдарға арналған бюджеті туралы" № 221/19 шешіміне сәйкес, азаматтардың жекеленген санатын қолдау мақсатында, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Демеуқаржы алуға бау-бақшалары бар жеке үйлердің меншікті иелері немесе жалға алушылары (жалдаушылар) болып табылатын, Екібастұз қаласында еңбекке қабілетті жастағы бірге тіркелген тұлғалардан басқа тұрақты тұратын және тіркелген, зейнеткерлер мен барлық топтағы мүгедектер құқылы екендігі белгіленсін. Жеке меншігінде екі немесе одан да көп бау-бақшалы үйлері бар зейнеткерлер және барлық топтағы мүгедектер бір ғана бау-бақшалы үйге демеуқаржы алуға құқылы.
Тармақ 2
2. "Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі" мемлекеттік мекемесі (С.Ә.Арыстанов) бау-бақшаны суару үшін пайдаланатын суару суы құнының 50% мөлшерінде суға демеуқаржы берсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының 1-тармағында көрсетілген азаматтар демеуқаржы алу үшін қосымшаға сәйкес белгіленген үлгідегі өтінішпен "Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жолығуы қажет.
Тармақ 4
4. "Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі" мемлекеттік мекемесі ақшалай қаржыны зейнеткерлердің және барлық топтағы мүгедектердің "Қазақпошта" акцинерлік қоғамына немесе ІІ деңгейдегі банктердегі есеп шоттарына аударсын.
Тармақ 5
5. Әлеуметтік төлемдерді қаржыландыру қаланың 2010 жылға арналған жылдық бюджеті аясында жүзеге асырылсын.
Тармақ 6
6. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 7
7. Осы қаулының орындалуын бақылау Екiбастұз қаласы әкiмiнiң орынбасары Ғ.А. Оспанқұловқа жүктелсiн.
Басқа 8. ӨТІНІШ
Екібастұз қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 01 сәуір № 245/4 қаулысына қосымша "Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы С.Ә.Арыстановқа ________________________________ _______________________________ Тұратын мекен-жайы: ________________________________ ӨТІНІШ Мен, __________________________________________________________ (аты, тегі, әкесінің аты толығымен) _____________________________________________________________________ мекен-жайы бойынша орналасқан бау-бақшасы бар жеке меншік үйдің меншікті иесі/немесе жалға алушысы (жалдаушы) болып табыламын Бау-бақша (шаршы санын көрсету)________________________________ Суға жәрдемқаржыны ____________________________ теңге сомасында N______________________________________________ жеке есеп шотқа жіберуіңізді сұраймын.
Тармақша 1
1) 2010 жылдың мамыр, маусым, шілде, тамыз және қыркүйек айларының суару суына төленген түбіртектің көшірмесі;
Тармақша 2
2) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі;
Тармақша 3
3) жеке куәліктің көшірмесі;
Тармақша 4
4) зейнеткер куәлігінің немесе мүгедектігі туралы анықтаманың көшірмесі;
Тармақша 5
5) жеке есеп шотының көшірмесі;
Тармақша 6
6) салық төлеушінің тіркеу нөмірінің көшірмесі;
Тармақша 7
7) жер учаскесіне құқықорнатушы құжаттың көшірмесі;
Тармақша 8
8) жалға алушыларға (жалдаушыларға) – жалға алу келісімшартының (жалдау) көшірмесі. Жәрдемқаржы беру шарттарымен таныстым. 2010 ж. "____" _______________ __________________________ (өтініш иесінің қолы) Өтінішке жауап алдым________________________________________________ (өтініш иесінің Т.А.Ә) 2010 жыл "____" _______________ _________________________ (өтініш иесінің қолы) __________________________ (маманның қолы)