Об организации и обеспечении проведения очередного призыва граждан на срочную воинскую службу в Вооруженные Силы, другие войска и воинские формирования Республики Казахстан в апреле-июне, октябре-декабре 2010 года Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына азаматтарды 2010 жылдың сәуір-маусымында, қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
"Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 15 сәуірдегі № 313 "Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 наурыздағы № 960 "Белгілінген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2010 жылдың сәуір – маусымында және қазан – желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Жарлығын іске асыру туралы" Қаулысына және Қостанай облысы әкімдігінің 2010 жылғы 15 сәуірдегі № 130 "Қазақстан Республикасының Карулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына азаматтарды 2010 жылдың сәуір – маусымында, қазан – желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3714 тіркелген) қаулысына сәйкес Әулиекөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2010 жылдың сәуір – маусымында және қазан – желтоқсанында шақыру күніне дейін он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі, мерзімді әскери қызметке шақырудан босатылуға немесе кейінге қалдыруға құқығы жоқ ер азаматтар, сондай–ақ шақыруды кейінге қалдыру құқығынан айырылған, оқу орнындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа келмеген және шақыру бойынша әскери қызметке белгіленген мерзімін өтемеген азаматтардың мерзімдік әскери қызметке кезекті шақырылуы ұйымдастырылсын және жүргізілуі қамтамасыз етілсін.
Тармақ 2
2. Село, кент және селолық округтер әкімдеріне аудандық шақыру және медициналық комиссиялардың жұмысын ұйымдастыруына барынша ықпал жасауды қамтамасыз етсін:
Тармақша 1
1) әскерге шақырылғандарды шақыру жүргізілетіні туралы уақытында хабарландыруды ұйымдастыру;
Тармақша 2
2) алынып тасталды - Қостанай облысы Әулиекөл ауданы әкімдігінің 2010.09.01 № 254 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараныз) қаулысымен.
Тармақ 3
3. "Қостанай облысының Әулиекөл аудынының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мелекеттік мекемесі (келiсiм бойынша) әскерге шақыру кезеңіне келісім–шарт негізінде әскерге шақырушылардың жеке істерін ресімдеу үшін аудандық бюджет қаражаты есебінен екі техникалық қызметкер бөлсін.
Тармақ 4
4. "Қазақстан Республикасы Ішкі Істер министрлігі Қостанай облысының Ішкі Істер Департаменті Әулиекөл ауданының ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) ұсынылсын:
Тармақша 1
1) өз құзыреті шегінде жедел әскери қызметке шақырудан қашқандарды іздеу мен ұстауды атқарсын;
Тармақша 2
2) шақыру пунктында әскерге шақырылынғандар арасында қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша жұмысты ұйымдастырсын;
Тармақша 3
3) әскерге шақырылғандарды Қостанай қаласының жиналу пунктіне аттандырғанда әскерге шақырылғандардың автобустарын ілесіп шығарып салуды ұйымдастырсын.
Тармақ 5
5. "Әулиекөл ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне әскерге шақыруды ұйымдастыру және өткізу бойынша шараларды "Қостанай облысының Әулиекөл ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесін қаржылындарудың жоспарында көзделген бос қаражат есебінен қаржылындыруды қамтамасыз ету ұсынылсын.
Тармақ 6
6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімнің орынбасары Б. Қуанышбаевқа жүктелсін.
Тармақ 7
7. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2010 жылғы сәуірде шыққанынан бастап іс-қимылға таратылады.
КЕЛІСІЛДІ:
"Қазақстан Республикасы Ішкі Істер
министрлігі Қостанай облысы Ішкі Істер
Департаментінің Әулиекөл ауданының
ішкі істер бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
___________Жағыпаров Арыстан Жұмашұлы
"Қостанай облысының Әулиекөл ауданының
қорғаныс істері жөніндегі бөлімі"
мемлекеттiк мекемесiнiң бастығы
___________Түгелбаев Марат Теңізбайұлы
Қостанай облысы әкімдігі Қостанай облысы
денсаулық сақтау басқармасының "Әулиекөл
аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік
коммуналдық қазыналық кәсіпорнының бас дәрігері
___________Шульгин Сергей Владимирович