Қолданыстағы ред. 14.01.2010

2010 жылғы Маңғыстау ауданы бойынша халықтың нысаналы топтарына арналған әлеуметтік жұмыс орындарын беруші және құрушы шаруашылық субъектілерінің тізбесін бекіту туралы от 14.01.2010 г. № 06 (2010 жылғы Маңғыстау ауданы бойынша халықтың нысаналы топтарына арналған әлеуметтік жұмыс орындарын беруші және құрушы шаруашылық субъектілерінің тізбесін бекіту туралы)

0

2010 жылғы Маңғыстау ауданы
бойынша халықтың нысаналы
топтарына арналған әлеуметтік
жұмыс орындарын беруші және
құрушы шаруашылық субъектілерінің
тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 13 тармақшасына, 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» заңының 7 бабына және Маңғыстау облыстық әкімиятының 2005 жылғы 27 сәуірдегі «Халықтың нысаналы топтарына арналған жұмыс орындарын құру және қаржыландыру ережесін бекіту туралы» №146 қаулысына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Қосымшаға сәйкес 2010 жылға Маңғыстау ауданы бойынша халықтың нысаналы топтарына арналған әлеуметтік жұмыс орындарын беруші және құрушы шаруашылық субъектілерінің тізбесі бекітілсін.

2

2. Әлеуметтік жұмыс орындарына арналған бюджеттік қаржы шығындарын жоспарлап, әлеуметтік жұмыс орындарына қабылданған жұмыссыздардың еңбегін ішінара өтеуді қаржыландыру аудандық экономика және қаржы бөліміне (Ғ.Нұржаубай) тапсырылсын.

3

3. Әлеуметтік жұмыс орындарына халықтың нысаналы топтарынан жұмыссыздардың жіберілуін және оларға төленетін еңбекақы шығындарының ішінара өтелуін қамтамасыз ету аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне (С.Каимова) міндеттелсін.

4

4. Осы қаулының орындалысын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.Махмутовқа жүктелсін.

5

5. Қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен
соң қолданысқа енгізіледі.