2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлер мен әскери құралымдарға мерзімді әскери қызметке шақыру туралы Қолданыста
Басқа 0
2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлер мен әскери құралымдарға мерзімді әскери қызметке шақыру туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 - бабына, «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 19 - бабына, «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 наурыздағы № 960 Жарлығы және «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және "Қазақстан Республикасының азаматтарын 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 наурыздағы № 960 Жарлығын іске асыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 15 сәуірдегі № 313 Қаулысына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ азаматтарды, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және әскери шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтарды 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға мерзімді әскери қызметке шақыру жүргізілсін.
Тармақ 2
2. Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және жүргізу үшін келесі құрамда аудандық шақыру комиссиясы құрылсын:
Садыбеков Ғалымжан Үшкемпірұлы
- «Жамбыл облысы Жуалы ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы, комиссия төрағасы, (келісім бойынша);
Айтақов Жарылқасын Әбдіғапарұлы
- Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімінің орынбасары, комиссия төрағасының орынбасары;
Комиссия мүшелері:
Ордабаев Есім Жанысбекұлы
- «Жамбыл облысы ішкі істер Департаментінің Жуалы аудандық ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары (келісім бойынша);
Мамедов Жамшид Абас-оглы
- «Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Жуалы аудандық орталық емханасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының дәрігер – хирургі, медициналық комиссияның төрағасы, (келісім бойынша);
Байжиенова Жібек Құдайбергенқызы
- «Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Жуалы аудандық орталық емханасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының медбикесі, комиссия хатшысы (келісім бойынша).
Тармақ 3
3. «Жамбыл облысы ішкі істер Департаментінің Жуалы аудандық ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығы (келісім бойынша) өз құзыреті шегінде әскери міндеттерін орындаудан жалтарған адамдарды іздестіруді және ұстауды жүзеге асыру ұсынылсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, алғаш ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі және 2010 жылдың 15 сәуірінен пайда болған қатынастарға қолданылады.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Жарылқасын Әбдіғапарұлы Айтақовқа жүктелсін.