2010 жылға мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орнына квота белгілеу туралы Қолданыста
Басқа 0
2010 жылға мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орнына квота белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 37 бабын, Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7 бабын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 31 бабын басшылыққа ала отырып, мүгедектердi жұмыспен қамту мақсатында Тараз қаласының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Тараз қалалсындағы жұмыс берушілерге, жұмыс орнының жалпы санының үш пайызы мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы белгiленсiн.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Тараз қаласы әкiмiнің орынбасары С.Қ. Мәдиеваға жүктелсiн.
Тармақ 3
3. Қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.