Об организации и обеспечении проведения очередного призыва граждан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2010 года Қолданыста
Басқа 0
2010 жылдың сәуір-маусым мен қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 1-тармағының 8) тармақшасына, "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабының 3-тармағына, 23-бабына, "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2010 жылдың сәуір-маусым, қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 наурыздағы № 960 Жарлығына, "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2009 жылдың сәуір-маусым қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 наурыздағы № 960 Жарлығын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 15 сәуірдегі № 313 қаулысына сәйкес, Федоров ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Шақырудан босатылуға немесе кейінге калдыруға құқығы жоқ он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі азаматтар оқу орындарынан шығарылған және белгіленген әскери мерзімді өткермеген азаматтар 2010 жылдың сәуір-маусым мен қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу жөніндегі іс-шаралар ұйымдастырылсын.
Тармақ 2
2. Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы "Федоров аудандық орталық аурухана" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны (келісім бойынша) "Федоров ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесімен (келісім бойынша) шақыру іс-шараларын өткізу ұсынылсын.
Тармақ 3
3. Федоров селосы және селолық округтер әкімдері:
Тармақша 1
1) әскерге шақырушыларды медициналық комиссиядан өтуге аудандық комиссиясының отырысына және әскерге жіберу үшін уақытында хабарлауды және жеткізуді қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) әскери қызметті өткеру үшін жіберілетін әскерге шақырылғандарды салтанатты шығарып салу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырсын.
Тармақ 4
4. "Қостанай облысы Федоров аудандық ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесі әскерге шақыруды өткізу және командаларды жөнелту кезеңінде:
Тармақша 1
1) әскери қызметті өткеруден жалтарып жүргендерді іздестіру және ұстауды өзінің құзыреті шегінде жүзеге асыру;
Тармақша 2
2) әскери қызметті өткеруден жалтарып жүрген тұлғаларды жеткізуін қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3) шақыру пунктінде қоғамдық тәртіпті сақтауға қолдау көрсету жөніндегі жұмысты ұйымдастыру ұсынылсын.
Тармақ 5
5. "Федоров ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі әскерге шақыруды ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру 2010 жылға арналған ауданның бюджетінде қарастырылған қаражат есебінің шегінде іске асырсын.
Тармақ 6
6. "Қостанай облысы Федоров ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі әкімдіктің осы қаулысын орындау бойынша атқарған жұмыстары туралы ақпарат Федоров ауданының әкіміне 2010 жылғы 1 шілдесіне және 2011 жылдың 1 қаңтарына жіберу ұсынылсын.
Тармақ 7
7. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары О.Ф. Федороваға жүктелсін.
Тармақ 8
8. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі және 2010 жылғы сәуірден бастап туындаған іс-әрекеттерге таратылады.
КЕЛІСІЛДІ:
"Қостанай облысы Федоров
аудандық ішкі істер бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
__________________ Е. Файзуллин
"Қостанай облысы Федоров
ауданының Қорғаныс істері
жөніндегі бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
________________ А. Никифоров
"Федоров аудандық орталық
аурухана мемлекеттік
коммуналдық қазыналық
кәспорынының бас дәрігері
_________________ В. Финк
"Федоров ауданының экономика
және қаржы бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
____________________ В. Гринак