Об определении оптимальных сроков начала и завершения посевных работ в 2010 году в разрезе зерновых и масличных культур, подлежащих обязательному страхованию Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.04.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2010 жылда міндетті сақтандыруға жататын, дәнді және майлы дақылдар бөлігінде егіс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдерін белгілеу туралы "Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 10 наурыздағы Заңының 5-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 3-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Федоров ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2010 жылда Федоров ауданының аумағында дәнді және майлы дақылдарын егуді бастау мен аяқталуының оңтайлы мерзімдері белгіленсін:
Тармақша 1
1) дәнді дақылдар: бидай, арпа, сұлы, тары, қарақұмық - 14 мамырдан 5 маусымға дейін;
Тармақша 2
2) майлы дақылдар: жаздық рапс, зығыр, күнбағыс, арыш, қыша – 15 мамырдан 5 маусымға дейін;
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.М. Дощановқа жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткенінен соң қолданысқа енгізіледі. КЕЛІСІЛДІ: "Федоров ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы _________ В. Завгородний