О выплате единовременной материальной помощи на развитие личного подворья малообеспеченным семьям (лицам), проживающим в сельской местности города Экибастуза на 2010 год Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.08.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Екібастұз қаласының ауылдық жерлерінде тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларға (тұлғаларға) жеке шаруашылығын дамыту үшін 2010 жылға біржолғы материалдық көмек беру туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағына 14-тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексінің 56-бабына сәйкес, Екібастұз қалалық мәслихатының 2010 жылғы 9 ақпандағы (IV шақырылған кезекті XХ сессия) "Екібастұз қалалық мәслихатының (IV шақырылған кезекті XІХ сессия) 2009 жылғы 25 желтоқсандағы "2010 - 2012 жылдарға арналған Екібастұз қаласының бюджеті туралы" № 221/19 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" № 241/20 шешімін орындау мақсатында, аз қамтамасыз етілген отбасыларды (тұлғаларды) қолдау мақсатында, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Екібастұз қаласының ауылдық жерлерінде тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларына (тұлғаларға) жеке шаруашылығын дамыту үшін біржолғы материалдық көмек тағайындау бойынша қоса беріліп отырған комиссия құрамы (бұдан әрі – Комиссия) бекітілсін.
Тармақ 2
2. Екібастұз қаласының ауылдық жерлерінде тұратын аз қамтамасыз етілген тұлғалардың (отбасылардың) жеке шаруашылығын дамыту үшін біржолғы материалдық көмек алу құқығы белгіленсін.
Тармақ 3
3. Жеке шаруашылығын дамыту үшін біржолғы материалдық көмек алу үшін "Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі" мемлекеттік мекемесіне келесі құжаттарды тапсыру қажет:
Тармақша 1
1) материалдық көмекті пайдалану мақсаты туралы өтініш;
Тармақша 2
2) аз қамтамасыз етілген отбасының мәртебесін растайтын анықтама;
Тармақша 3
3) азаматтарды тіркеу кітабы (көшірмесі);
Тармақша 4
4) салық төлеушінің тіркеу нөмірі (көшірмесі);
Тармақша 5
5) жеке куәлігі (көшірмесі);
Тармақша 6
6) "Қазпошта" акционерлік қоғамы пошта бөлімшесіндегі немесе екінші деңгейдегі банктердегі дербес шот нөмірі.
Тармақ 4
4. Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (тұлғаларға) жеке шаруашылығын дамыту үшін біржолғы материалдық көмек Комиссияның шешімімен тағайындалады.
Тармақ 5
5. "Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі" мемлекеттік мекемесі (С. Ә. Арыстанов) қаланың 2010 жылға арналған жылдық бюджеті аясында біржолғы материалдық көмекті қаржыландыруды жүзеге асырсын.
Тармақ 6
6. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 7
7. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары Н. М. Күлжанға жүктелсін.
Басқа 14. Екібастұз қаласының ауылдық жерлерінде тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларға (тұлғаларға) жеке шаруашылығын дамыту үшін 2010  жылға біржолғы материалдық көмек беру туралы Құрамы
Екібастұз қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 28 сәуір № 363/4 қаулысына қосымша Екібастұз қаласының ауылдық жерлерінде тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларға (тұлғаларға) жеке шаруашылығын дамыту үшін 2010  жылға біржолғы материалдық көмек беру туралы Құрамы Нұрлан Мұкатайұлы Күлжан - Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы; Серік Әубәкішұлы Арыстанов - "Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы, комиссия төрағасының орынбасары; Ботагөз Сейлбекқызы Қожанова - "Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі" мемлекеттік мекемесінің әлеуметтік көмек секторының меңгерушісі, комиссия хатшысы; Комиссия мүшелері: Болат Қайыржанұлы Құспеков - "Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекеме бастығы; Кенжебек Дүйсембайұлы Дүйсенбаев - "Екібастұз қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылық және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы; Әлия Көкішқызы Базарбаева - "Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі" мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары.