Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына азаматтарды 2010 жылдың сәуір-маусымында, қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.04.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына азаматтарды 2010 жылдың сәуір-маусымында, қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 15 сәуірдегі № 313 "Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 наурыздағы № 960 "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Жарлығын іске асыру туралы" Қаулысына және Қостанай облысы әкімдігінің 2010 жылғы 15 сәуірдегі № 130 "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына азаматтарды 2010 жылдың сәуір-маусымында, қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3714 тіркелген) қаулысына сәйкес Аманкелді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында шақыру күніне дейін он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі, мерзімді әскери қызметке шақырудан босатылуға немесе кейінге қалдыруға құқығы жоқ ер азаматтар, сондай-ақ шақыруды кейінге қалдыру құқығынан айырылған, оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа келмеген және шақыру бойынша әскери қызметке белгіленген мерзімін өтемеген азаматтардың мерзімдік әскери қызметке кезекті шақырылуы ұйымдастырылсын және жүргізілуі қамтамасыз етілсін.
Тармақ 2
2. Село, ауыл және ауылдық округ әкімдеріне аудандық шақыру және медициналық комиссиялардың жұмысын ұйымдастыруына барынша ықпал жасауды қамтамасыз етсін:
Тармақша 1
1) әскерге шақырылғандарды шақыру жүргізілетіні туралы уақытында хабарландыруды ұйымдастыру;
Тармақша 2
2) әскери қызметті өтеу үшін жіберілетін әскерге шақырылғандарды салтанатты шығарып салу жөніндегі шаралар ұйымдастырсын.
Тармақ 3
3. "Қостанай облысының Аманкелді ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) әскерге шақыру кезеңіне келісім-шарт негізінде әскерге шақырушылардың жеке істерін рәсімдеу үшін аудандық бюджет қаражаты есебінен екі техникалық қызметкер бөлсін.
Тармақ 4
4. "Қазақстан Республикасы Ішкі Істер министрлігі Қостанай облысының Ішкі Істер Департаменті Аманкелді ауданының ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) ұсынылсын:
Тармақша 1
1) өз құзыреті шегінде жедел әскери қызметке шақырудан қашқандарды іздеу мен ұстауды атқарсын;
Тармақша 2
2) шақыру пунктында әскерге шақырылғандар арасында қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша жұмысты ұйымдастырсын;
Тармақша 3
3) әскерге шақырылғандарды Қостанай қаласының жиналу пунктіне аттандырғанда әскерге шақырылғандардың автобустарына ілесіп шығарып салуды ұйымдастырсын.
Тармақ 5
5. "Аманкелді ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне әскерге шақыруды ұйымдастыру және өткізу бойынша шараларды "Қостанай облысының Аманкелді ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесін қаржыландырудың жоспарында көзделген қаражат есебінен қаржыландыруды қамтамасыз ету ұсынылсын.
Тармақ 6
6. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары С. Хайруллинге жүктелсін.
Тармақ 7
7. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2010 жылғы сәуірде шыққанынан бастап туындаған іс-әрекеттерге таратылады. КЕЛІСІЛДІ: "Аманкелді ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы ________________ А. Тлегенов "Аманкелді ауданының ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы _____________ М. Сыздықов "Қостанай облысы Денсаулық сақтау басқармасы "Аманкелді аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының бас дәрігері __________ Р. Есмағанбетов "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Қостанай облысы бойынша Департаменті Аманкелді ауданы бойынша мемлекеттік санитарлық–эпдемиологиялық қадағалау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бастығы ________________________ А. Оспанбек
Басқа 13
Аманкелді ауданы әкімдігінің 30 сәуірдегі 2010 жылғы № 107 қаулысымен бекітілген қосымша Аманкелді аудандық әскерге шақыру комиссиясының құрамы Тлегенов Арман Сапабекұлы - "Аманкелді аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы, комиссия төрағасы (келісім бойынша) Хамитов Ғафур Фаридұлы - "Аманкелді ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ұйымдастыру-бақылау және кадрлармен жұмыс бөлімінің бас маманы, төрағаның орынбасары Искаков Ринат Рафхатович - "Аманкелді ауданының ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары, мүшесі (келісім бойынша) Койшығұлов Қанат Молдашұлы - дәрiгер-фтизиатр, медициналық комиссияның төрағасы (келісім бойынша) Ержанова Гуля Төлегенқызы - медбике, комиссия хатшысы (келісім бойынша)