Жаңаарқа ауданында 2010 жылға арналған жұмыссыз жастары үшін дипломнан кейінгі Жастар тәжірибесінің ұйымдастыру туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.04.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жаңаарқа ауданында 2010 жылға арналған жұмыссыз жастары үшін дипломнан кейінгі Жастар тәжірибесінің ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабы 1 тармағы 13 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7 бабы 6 тармақшасына, Жаңаарқа аудандық мәслихатының 2009 жылғы 21 желтоқсандағы ХХ сессиясының "2010-2012 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" N 20/174 шешіміне (нормативтік – құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген N 8-12-64) сәйкес, жұмыссыз азаматтарды - орта және жоғары кәсіби білім беру орындарының түлектерін жұмысқа орналастыру, олардың практикалық тәжірибесін, білімдері мен дағдыларын қалыптастыру мүмкіндіктерінің аясын кеңейту мақсатында Жаңаарқа ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Жұмыспен қамту мәселесіне жауапты уәкілетті органы "Жаңаарқа ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы Шолпан Қалуқызы Ибраеваға:
Тармақша 1
1) жұмыс істеуге тілек білдірген жұмыссыз түлектерді қабылдау және жұмысқа жіберу тапсырылсын;
Тармақша 2
2) уәкілетті орган және аудандағы жұмыс берүшілермен жастарды диплом алғаннан кейінгі тәжірибелік жұмыстарға жіберу жөніндегі келісім-шартқа отыру ұсынылсын.
Тармақ 2
2. Жастар тәжірибесіне жіберілетін адамдардың орташа айлық аударымдар мөлшері республикалық трансферттерден бөлінген сомасынан жұмысқа орналыстырылғандардың жоспарлы саны мен қатысу ұзақтығын ескеріп, міндетті зейнетақы жарналары мен жеке табыс салығын қосқанда 20000 (жиырма мың) теңге мөлшерінде белгіленсін.
Тармақ 3
3. Жаңаарқа ауданы әкімдігінің 28 шілде 2009 жылғы "Жаңаарқа ауданында 2009 жылға арналған жұмыссыз жастары үшін дипломнан кейінгі Жастар тәжірибесінің ұйымдастыру туралы" N 235 қаулысының Қарағанды облысы Әділет департаменті Жаңаарқа ауданы әділет басқармасында 14 тамыз 2009 жылы N 8-12-56 тіркелген, 29 тамыз 2009 жылғы N 43-44 (9338) "Жаңаарқа" газетінде ресми түрде нормативтік-құқықтық акт ретінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалысына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Марат Жандәулетұлы Жандәулетовке жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді.