Об утверждении объемов субсидий на поддержку повышения урожайности и качества производимых сельскохозяйственных культур в 2010 году Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.05.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2010 жылы өндірілетін ауыл шаруашылығы дақылдарының шығымдылығын және сапасын арттыруды қолдауға арналған субсидия көлемдерін бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңы 29-бабы 2-тармағына, «Облыстық бюджеттердiң және Астана қаласы бюджетiнiң өндiрiлетiн ауыл шаруашылығы дақылдарының шығымдылығын және сапасын арттыруды қолдауға 2010 жылғы республикалық бюджеттен бөлiнетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану ережесiн бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2313 қаулысымен бекітілген Облыстық бюджеттердiң және Астана қаласы бюджетiнiң өндiрiлетiн ауыл шаруашылығы дақылдарының шығымдылығын және сапасын арттыруды қолдауға 2010 жылғы республикалық бюджеттен бөлiнетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану ережесiнің 7-тармағына сәйкес облыс әкімі ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Өндiрiлетiн ауыл шаруашылығы дақылдарының шығымдылығын және сапасын арттыруды қолдауға 2010 жылы арналған субсидия көлемдері (бұдан әрі – субсидиялар) облыс аудандары бойынша қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Аудан әкімдері субсидияларды төлеуге арналған бюджеттік қаражаттарды мақсатты пайдалануды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А.С. Сапаровқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы шешім оны алғаш ресми жариялаған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 5
Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің 2010 жылғы 19 мамырдағы № 19 шешіміне қосымша 2010 жылы өндірілетін ауыл шаруашылығы дақылдарының шығымдылығын және сапасын арттыруды қолдауға арналған субсидияларды облыстың аудандары бойынша бөлу Аудан Сомасы, мың теңге Айыртау 96435,0 Ақжар 10000,0 Аққайың 54420,0 Есіл 101103,0 Жамбыл 103273,5 Мағжан Жұмабаев 16800,0 Қызылжар 84400,0 Мамлютка 35549,5 Ғабит Мүсірепов атындағы 191491,0 Тайынша 192100,0 Тимирязев 156649,0 Уәлиханов 20000,0 Шал ақын 5872,0 Қорытынды: 1068093,0