Құжат мәтініне өту

Әйтеке би ауданының 2010 жылғы сәуір-маусым, қазан-желтоқсан айларында азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы

Қаулы · № 117 · қабылданған 08.06.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.01.2011 редакциясы
https://adilet.kz/laws/2010-ekb-53222/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
Әйтеке би ауданының 2010 жылғы сәуір-маусым, қазан-желтоқсан айларында азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы Күшін жойған Қаулы ·№ 117 ·08.06.2010
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.

Әйтеке би ауданының 2010 жылғы сәуір-маусым, қазан-желтоқсан айларында азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы

ҚАЗӘйтеке би ауданының 2010 жылғы сәуір-маусым, қазан-желтоқсан айларында азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы

Күшін жойған Қаулы ·№ 117 · қабылданған 08.06.2010

ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды

Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Әйтеке би ауданының 2010 жылғы сәуір-маусым, қазан-желтоқсан айларында азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы
Атауы (қаз.)
Әйтеке би ауданының 2010 жылғы сәуір-маусым, қазан-желтоқсан айларында азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
117
Қабылданған күні
08.06.2010
Көрсетілген редакция
11.01.2011 · қолданыстағы AI53222_2.kaz
Базадағы редакциялар
1
Соңғы өзгеріс
11.01.2011
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V10CBN00095
ЭКБ идентификаторы
53222
Редакция идентификаторы
AI53222_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 08:01

0 Әйтеке би ауданының 2010 жылғы сәуір-маусым, қазан-желтоқсан айларында азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31, 37 баптарына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 18, 19, 20, 23, 44 баптарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылдың 30 маусымдағы № 623 «Азаматтарды әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және өткізу ережесiн бекiту туралы» Қаулысының 2 тарауына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 наурыздағы № 960 «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Жарлығына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 15 сәуірдегі № 313 «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2010 жылдың сәуір - маусымында және қазан - желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 наурыздағы № 960 Жарлығын іске асыру туралы» қаулысына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. «Әйтеке би ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Д. Танкиев, келісім бойынша) 2010 жылғы сәуір-маусым, қазан-желтоқсан айларында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне және басқа әскери құрылымдарға әскерге шақырылған күнге дейінгі қалдырылуға немесе босатылуға құқығы жоқ ер азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды жүзеге асырсын.
Есекрту. 1 тармаққа өзгерту енгізілді - Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық әкімдігінің 2010.09.20 № 185 (жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

2 2. Шақыру комиссиясы Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Бас Штабының нұсқауларын (директиваларын) қатаң басшылыққа алсын.

3

3. Селолық округтер Әкімдеріне Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 18 бабына сәйкес бағыныштылығына және меншік түріне қарамастан, қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің талабы бойынша шақырылуға тиісті азаматтарға хабарлауға және мерзімінде шақырылатын орынға жеткізу тапсырылсын. Сонымен қатар Заңының 44 бабына сәйкес әскерге шақырылғандардың, шақыру учаскесіне бөлінген барлық комиссия мүшелеріне, медицина және қоғамдық жұмысшыларға жұмыс орны мен орташа еңбек ақысы (стипендиясын) шақыру күндеріне сақтай отырып, жұмысынан (оқуынан) босатуға тиіс. Егерде әскерге шақырылушы кезекті демалыста, іс-сапарда жүрсе оларды шақырып, әскерге алынатын пунктке жеткізуі керектігі ескертілсін.

4 4. Аудандық әскерге шақыру комиссиясының құрамы қосымшаға сәйкес бекітілсін.

5 5. Аудандық ауруханаға (Ж.Қасымов, келісім бойынша) төмендегі жұмыстар тапсырылсын:

1 1) шақыру комиссиясына жұмыс жасауға жақсы дайындалған, тәжірибелі, кәсіби шебер дәрігер мамандар бөлу;

2 2) дәрігер мамандарды антропометриялық құралдармен, кабинетпен және орта буынды медициналық қызметкерлермен қамтамасыз ету;

3

3) 2010 жылдың 1 сәуіріне және 1 қазанына дейін ауданның қорғаныс істері жөніндегі бөлімге шақырылған азаматтардың тізімін, амбулаториялық ауру тарихы жөніндегі картасын, жүйке аурумен, диспансерлік есепте тұратын ауру тарихы жөніндегі картасының көшірмесін, дәрігерлік тексеруден өтетіні туралы мәлімет, диспансерлік бақылау, азаматтардың денсаулығы туралы сипаттамалар ұсыну;

4 4) ауданның қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру пунктіне қажетті медициналық құралдармен және шаруашылық мүлігімен қамтамасыз ету;

5 5) 2010 жылдың сәуір-маусым, қазан-желтоқсан айлары аралығында ауруханаға емделуге түскен шақырылушы азаматтарды 3 (үш) тәулік ішінде қорғаныс істері жөніндегі бөліміне хабарлау;

6 6) стационарлық, амбулаториялық тексеруден өтіп, емделуге жіберілген азаматтарға ауруханадан орын бөлу;

7 7) 2010 жылдың сәуір айының 01-нен 23-і аралығында, азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізу уақытында дәрігер-мамандарды негізгі жұмысынан босату.

6 6. «Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-не (З-Х.Күнтуғанов) азаматтарды кезекті әскери қызметке шақыру кезінде жұмыссыздықтан жазуы жақсы, неғұрлым жоғары немесе орта арнаулы білімі бар қоғамдық жұмысшыларды бөлу тапсырылсын.

7 7. «Аудандық қаржы бөлімі» ММ-не (А.Сапаров) азаматтарды кезекті әскери қызметке шақыруға байланысты, шығындарды жергілікті бюджет есебінен жүзеге асыру тапсырылсын.

8 8. «Ауданның қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» ММ-нің бастығы  Д. Танкиевке осы қаулының орындалуы жөнінде аудан әкімдігіне хабарлама жасасын.

Есекрту. 8 тармаққа өзгерту енгізілді - Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық әкімдігінің 2010.09.20 № 185 (жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

9 9. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Т.Рахметовке жүктелсін.

10 Аудандық әскерге шақыру комиссиясының ҚҰРАМЫ

10. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан Әкімі:                   Е.Есенбаев
Әйтеке би ауданы әкімдігінің
2010 жылдың "8" маусымындағы
№ 117 қаулысына қосымша
Есекрту. Қосымшаға өзгерту енгізілді - Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық әкімдігінің 2010.09.20 № 185 (жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
Аудандық әскерге шақыру комиссиясының ҚҰРАМЫ
Танкиев Д. -                            ауданның қорғаныс
істер жөніндегі
бөлім бастығы,
комиссия төрағасы
Кузнецова Людмила Александровна -       мейірбеке, комиссия
хатшысы
Комиссия мүшелері
Утешов Куанышбай Айтмаганбетулы -       Әйтеке би аудан
әкімі аппаратының
бас маманы
Оразбаев Әділбек -                      аудандық ішкі
істер бөлімі
бастығының тәрбие
және кадр жөніндегі
орынбасары
Жакибаева Назгүл Жұмажановна -          дәрігер терапевт,
медициналық
комиссияның төрағасы