Об организации и обеспечении очередного призыва граждан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2010 года Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.04.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес, "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 наурыздағы N 960 Жарлығын іске асыру мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтарды, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтарды, 2010 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
Тармақ 2
2. Аудандық шақыру комиссиясы осы құрамда бекітілсін: Жанас Жұмтайұлы Құнанбаев - ауданның қорғаныс істер жөніндегі бөлімінің бастығы, комиссия төрағасы (келісім бойынша); Асқар Жақсыкелдіұлы Жанарстанов - аудан әкімі аппаратының мемлекеттік - құқықтық бөлімінің азаматтық қорғаныс және төтенше жағдай бойынша бас маманы, комиссия төрағасының орынбасары; Комиссия мүшелері: Гайдар Игітайұлы Нұрмағамбетов - ауданның ішкі істер бөлімі бастығының қызметтер жөніндегі орынбасары (келісім бойынша); Елена Владимировна Голикова - "Аудандық медициналық бірлестігі" коммуналдық мемлекеттік қазынашылық кәсіпорнының дәрігер-терапевті (бұдан әрі – "АМБ" КМҚК), медициналық комиссияның төрағасы (келісім бойынша); Анна Викторовна Рукавишникова - "АМБ" КМҚК медбикесі, медициналық комиссияның хатшысы (келісім бойынша).
Тармақ 3
3. Ауданның қорғаныс істер жөніндегі бөлімінің (бұдан әрі ҚІБ) бастығы Нұрлан Серікұлы Саманов (келісім бойынша) Осакаров ауданының ҚІБ шақыру учаскесінде 2009 жылғы сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында әскери қызметке шақыру өткізсін.
Тармақ 4
4. Сырқатқа немесе басқа да себептерге байланысты шақыру комиссиясының мүшелері жоқ жағдайда резервтік комиссия құрамы бекітілсін: Айдар Саулебайұлы Кизкин - Осакаров ауданының қорғаныс істері Кизкин жөніндегі бөлімінің әскерге шақыру және әскерге шақырушыларды келісім-шарт бойынша жинау бөлімшесі (бұдан әрі-ҚІБ), комиссия төрағасы, (келісім бойынша); Ардақ Қажымұратұлы Жапаров - аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімінің бас маманы, комиссия төрағасының орынбасары; Хабиболла Хариулаұлы - ауданның ішкі істер бөлімі Омаров бастығының кадрлар бойынша орынбасары- (келісім бойынша); Светлана Александровна Шемерлюк - "АМБ" КМҚК дәрігер-терапевті (келісім бойынша); Светлана Александровна Тимащук - "АМБ" КМҚК медбикесі, медициналық комиссия хатшысы (келісім бойынша).
Тармақ 5
5. Аудандық шақыру комиссиясының барлық мүшелері азаматтарды жедел әскери қызметке шақыру кезеңіне өз міндеттерін атқарудан жұмыс орындары мен еңбекақысы және атқаратын қызметтері сақтала отырып босатылсын.
Тармақ 6
6. "АМБ" КМҚК директоры Қанат Ерекеұлы Сәдуақасов (келісім бойынша):
Тармақша 1
1) медициналық куәландыру өткізуге аудандық шақыру комиссиясының қарамағына қажетті білімі мен жұмыс тәжірибесі бар білікті дәрігер – мамандарды, сондай-ақ орта маманды медициналық қызметкерлерді бөлсін;
Тармақша 2
2) стационарларда аудандық шақыру комиссияның жолдамасы бойынша әскерге шақырылушылардың денсаулығын қосымша тексеруден өткізу үшін резервтік орындар сақталсын;
Тармақша 3
3) барлық әскерге шақырылушыларды кеуде клетканың флюорографиядан, электрокардиограмма және басқа қажетті талдаулардан өткізуді қамтамасыз етсін;
Тармақша 4
4) әскерге шақырылушыларды тексеру үшін электрокардиограммалық таспалары, рентген үлдірлері резервте болсын;
Тармақша 5
5) тістерін емдеуге мұқтаж болған әскерге шақырушылардың ауыз қуысын сауықтыруды қамтамасыз етсін;
Тармақша 6
6) шақыру комиссиясын қажетті құрал-жабдықтармен, медициналық және шаруашылық мүлікпен қамтамасыз ету.
Тармақ 7
7. Кенттер мен селолық округтердің әкімдері және меншік нысанына қарамастан кәсіпорындар, ұйымдар мен мекемелер басшыларына міндеттелсін:
Тармақша 1
1) әскерге шақырылушылар ауданның ҚІБ шақырылулары туралы хабардар етілсін және олардың уақытылы келуі қамтамасыз етілсін;
Тармақша 2
2) шақырылуға жататын азаматтар іссапарлардан (демалыстардан) шақырып алынсын, олардың хабардар етілуі және шақыру учаскесіне уақытылы келіп жетуі ұйымдастырылсын, шақыру және медициналық куәландыру кезеңіне жұмыстан еңбекақысы және жұмыс орны сақтала отырып босатылсын;
Тармақша 3
3) әскерге шақырылушылармен қызметке жіберуге дейінгі 3 күн ішінде толық есеп айырысу өткізілсін, сондай-ақ соңғы жұмыс күнге тиісті төленетін барлық сомалар төленсін.
Тармақ 8
8. Кенттер мен селолық округтер әкімдері қамтамасыз етсін:
Тармақша 1
1) барлық әскерге шақырылушыларға дербес шақыру қағазын тапсыруды;
Тармақша 2
2) шақыру учаскесіне техникалық жұмыскерлерді, қызмет ететін қызметкерлер мен автокөліктерді бөлуді;
Тармақша 3
3) әскерге шақырылушыларды шақыру комиссиясына кәсіпорындар, ұйымдардың көліктерімен жеткізуді;
Тармақша 4
4) әскерге шақырылушыларды шақыру комиссиясына жеткізуде қауіпсіздік шараларын сақтауды; Әскерге шақырылушыларды тасымалдауды кенттер және селолық округтердің әкімі аппараттарының немесе ұйымдар өкілдері, учаскелік полиция инспекторы іске асырсын.
Тармақ 9
9. Осакаров ауданының ішкі істер бөлімінің бастығы Алпысбай Рахметұлы Жақыпбаев (келісім бойынша):
Тармақша 1
1) бұрын сотталған, жазасын өтеген, қоғамға қарсы және басқа да қылмыстары үшін тергеуде жүрген әскерге шақырылушылар туралы Осакаров ауданының ҚІБ жөніндегі бөліміне ақпарат берсін;
Тармақша 2
2) Ауданның ҚІБ әскерге шақырылушыларды іздестіру және шақыру учаскесінде тәртіп сақтау үшін ауданның ішкі істер бөлімі қызметкерлерінің тізімін ұсынсын;
Тармақша 3
3) әскерге шақырудан жалтарған азаматтарды іздестіру оларды ұстау және шақыру учаскесіне әкелуді қамтамасыз етсін;
Тармақша 4
4) әскерге шақырылушыға шақыру парағы тапсырылмаған жағдайда олардың шақыру пунктіне келуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 10
10. Ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы Надежда Ивановна Плотникова азаматтардың әскери қызмет жүргізу кезеңіне жұмыс тәжірибесін есепке ала отырып қажетті техникалық жұмыскерлер бөлсін.
Тармақ 11
11. Осы қаулының орындалуы туралы ақпарат аудан әкімінің аппаратына 2010 жылдың 10 шілдесі және 2011 жылдың 10 қаңтарына дейін ұсынылсын.
Тармақ 12
12. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Шоппай Серикпайұлы Оспановқа жүктелсін.
Тармақ 13
13. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. КЕЛІСІЛДІ Ауданның қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы А.Ж. Құнанбаев 2010 жыл 19 мамыр КЕЛІСІЛДІ Қарағанды облысы Денсаулық сақтау департаментінің директоры Е.А. Абилкасимов 2010 жыл 19 мамыр КЕЛІСІЛДІ Аудандық ішкі істер бөлімі бастығы А.Р. Жақыпбаев 2010 жыл 19 мамыр