Құжат мәтініне өту

2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру туралы

Қаулы · № 104 · қабылданған 01.06.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 10.02.2011 редакциясы
https://adilet.kz/laws/2010-ekb-53341/
Басып шығарылды 2026-08-17 · adilet.kz
2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру туралы Күшін жойған Қаулы ·№ 104 ·01.06.2010
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.

2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру туралы

ҚАЗ2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру туралы

Күшін жойған Қаулы ·№ 104 · қабылданған 01.06.2010

ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды

Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру туралы
Атауы (қаз.)
2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
104
Қабылданған күні
01.06.2010
Көрсетілген редакция
10.02.2011 · қолданыстағы 53341_207686.kaz
Базадағы редакциялар
1
Соңғы өзгеріс
10.02.2011
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V10ZE000119
ЭКБ идентификаторы
53341
Редакция идентификаторы
53341_207686
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 08:04

0 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып және Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 наурыздағы "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" N 960 Жарлығын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 15 сәуірдегі N 313 "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 наурыздағы N 960 Жарлығын іске асыру туралы" қаулысы негізінде аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Жаңақала ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөліміне (келісім бойынша) әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтарды, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтарды 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету ұсынылсын.

2 2. Аудандық шақыру комиссиясының құрамы 1 қосымшаға сәйкес құрылып, бекітілсін және аудандық шақыру комиссиясының құрамында аудандық медициналық комиссия құрылсын.

3 3. Азаматтарды әскери қызметке шақыруды өткізу кестесі 2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.

4 4. Жаңақала аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу кезеңіне ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.

5 5. Жаңақала ауданының ішкі істер бөлімі (келісім бойынша), аудандық қаржы бөлімі және "Жаңақала аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына (келісім бойынша), осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдау ұсынылсын.

6 6. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары З. Ж. Сисенғалиға жүктелсін.

7 7. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2010 жылдың 15 сәуірінен бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.

КЕЛІСІЛДІ:
Жаңақала ауданының қорғаныс
істері жөніндегі бөлім бастығы
_____________Габдуллин Абай Мустафаұлы
01.06.2010 ж.
Жаңақала ауданының ішкі
істер бөлімі бастығы
_____________Мырзағалиев Мирболат Уалиұлы
01.06.2010 ж.
"Жаңақала аудандық орталық
ауруханасы" мемлекеттік
коммуналдық қазыналық
кәсіпорнының директоры
_____________Уразгалиев Султанбек Саинұлы
01.06.2010 ж.

8 Жаңақала ауданы әкімдігінің

2010 жылғы 1 маусымдағы
N 104 қаулысымен бекітілген
1 қосымша
Аудандық әскерге шақыру комиссиясының
құрамы

1 1. Габдуллин Абай Мустафаұлы - аудандық қорғаныс

істері жөніндегі
бөлім бастығы,
комиссия төрағасы
(келісім бойынша)

2 Комиссия мүшелері:

2. Маширов Нұрлан Асылбекұлы - аудан әкімі
аппаратының бас
маманы, комиссия
төрағасының
орынбасары
Комиссия мүшелері:

3 3. Дегенбаев Ринат Маратұлы - аудандық ішкі істер

бөлімі бастығының
орынбасары (келісім
бойынша)

4 4. Ишанова Алма Еслямқызы - аудандық орталық

аурухананың терапевт
дәрігері, медициналық
комиссияның төрайымы
(келісімі бойынша)

5 Аудандық әскерге шақыру комиссиясының (резервтік) құрамы

5. Жаданова Ажар Мәжитқызы - аудандық орталық
аурухананың
медбикесі, комиссия
хатшысы (келісімі
бойынша)
Аудандық әскерге шақыру комиссиясының
(резервтік) құрамы

1 1. Кайржанов Марат Кумаргалиұлы - аудандық қоғаныс

істері жөніндегі
бөлімінің келісім-
шарт бойынша әскери
қызметкерлерді
жинақтау және әскерге
шақыру бөлімшесінің
бастығы (келісімі
бойынша)

2 Комиссия мүшелері:

2. Қожақметов Дулат Мұрадымұлы - аудандық ішкі саясат
бөлімінің бастығы,
комиссия төрағасының
орынбасары
Комиссия мүшелері:

3 3. Кенжалиев Жеңіс Мұратұлы - аудандық ішкі істер

бөлімі бастығының
орынбасары (келісімі
бойынша)

4 4. Бекенов Қоблан Рахметоллаұлы - аудандық орталық

аурухананың терапевт
дәрігері, медициналық
комиссияның төрағасы
(келісімі бойынша)

5 Аудандық медициналық комиссия құрамы

5. Рамазанова Ардак - аудандық орталық
аурухананың
медбикесі, комиссия
хатшысы (келісімі
бойынша)
Аудандық медициналық комиссия құрамы
Медициналық комиссияның төрағасы, дәрігер
Дәрігер-мамандар:
Хирург
Көз дәрігері
Нарколог
Невропатолог
Тері венеролог
Дерматолог
Рентгенолог
Тіс дәрігері
Отоларинголог
Терапевт
Психиатр
Орта буын медицина қызметкері:
Көз дәрігерінің медбикесі
Терапевт дәрігерінің медбикесі
Отоларинголог дәрігерінің медбикесі
Рентгенолог дәрігерінің медбикесі
Психиатр дәрігерінің медбикесі
Нарколог дәрігерінің медбикесі
Тіс дәрігерінің медбикесі
Невропатолог дәрігерінің медбикесі
Дерматолог дәрігерінің медбикесі
Фтизиатрдың медбикесі

19 Жаңақала ауданы әкімдігінің

2010 жылғы 1 маусымдағы
N 104 қаулысымен бекітілген
2 қосымша
Азаматтарды әскери қызметке
шақыруды өткізу кестесі
N р/с
Қорғаныс істері жөніндегі бөлім
Комиссияның жұмыс күндері, уақыты
8:30–дан 12:30–ға дейін
сәуір
мамыр
мау-
сым
қазан
қараша
жел-
тоқсан
1
Жаңақала ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі
01.04.2010 05.04.2010 06.04.2010 07.04.2010 08.04.2010 12.04.2010 13.04.2010
04.10.2010 05.10.2010 06.10.2010 07.10.2010 11.10.2010 12.10.2010 13.10.2010