О предоставлении в 2010 году мер социальной поддержки специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры и спорта, прибывшими для работы и проживания в сельские населенные пункты Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.05.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2010 жылы ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 7–бабының 3–тармағының 4) тармақшасына, "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 қаулысының 2–тармағына сәйкес, Федоров ауданы әкімінің 2010 жылғы 17 мамырдағы № 2-35/507 хатын қарастырып, мамандарына қажеттілікті ескере отырып, Федоров аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. 2010 жылы ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына тұрғын үй сатып алуға көтерме жәрдемақы және бюджеттік кредит түрінде әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. КЕЛІСІЛДІ "Федоров ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы ____________В. Гринак "Федоров ауданының ауыл шаруашылық және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы ________В. Завгородний