О выплате единовременной материальной помощи на приобретение грубых кормов малоимущим семьям (лицам), проживающим в сельской местности города Экибастуза на 2010 год Қолданыста
Басқа 0
Екібастұз қаласының ауылдық жерлерінде тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларына (тұлғаларға) жем - шөп сатып алу үшін 2010 жылға біржолғы материалдық көмек беру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1 тармақ 14-тармақшасына, Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексінің 56-бабына сәйкес, Екібастұз қалалық мәслихатының 2010 жылғы 9 ақпандағы (IV шақырылған кезекті XХ сессия) "Екібастұз қалалық мәслихатының (IV шақырылған кезекті XІХ сессия) 2009 жылғы 25 желтоқсандағы "2010 - 2012 жылдарға арналған Екібастұз қаласының бюджеті туралы" № 221/19 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" № 241/20 шешімін орындауда, ауылдық жерлерде тұратын, аз қамтамасыз етілген отбасыларын (тұлғаларды) қолдау мақсатында, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Екібастұз қаласының ауылдық жерлерінде тұратын, аз қамтамасыз етілген отбасыларына (тұлғаларға) жеке шаруашылығын дамыту үшін біржолғы материалдық көмек тағайындау бойынша қоса беріліп отырған комиссия құрамы (бұдан әрі - Комиссия) бекітілсін.
Тармақ 2
2. Отбасының әр мүшесі үшін жиынтық айлық кірісі белгіленген күнкөріс деңгейінен төмен Екібастұз қаласының ауылдық жерлерінде тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларға (тұлғаларға) 20 000 теңге мөлшерінде жем - шөп сатып алу үшін біржолғы материалдық көмек алу құқығы белгіленсін.
Тармақ 3
3. Жем - шөп сатып алуға біржолғы материалдық көмек алу үшін "Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі" мемлекеттік мекемесіне мына құжаттарды тапсыру қажет:
Тармақша 1
1) өтініш;
Тармақша 2
2) отбасының әр мүшесінің кірісін растайтын анықтама;
Тармақша 3
3) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі;
Тармақша 4
4) қосалқы шаруашылығы барлығы туралы анықтама;
Тармақша 5
5) салық төлеушінің тіркеу нөмірі;
Тармақша 6
6) жеке басының куәлігі (көшірмесі);
Тармақша 7
7) "Қазақпошта" акционерлік қоғамы пошта бөлімшесінен немесе екінші деңгейдегі банктердегі есеп шоты.
Тармақ 4
4. Жем - шөп сатып алу үшін біржолғы материалдық көмек Комиссияның шешімімен тағайындалады.
Тармақ 5
5. "Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі" мемлекеттік мекемесі қаланың 2010 жылға арналған жылдық бюджеті аясында жем - шөп сатып алу үшін біржолғы материалдық көмекті қаржыландыруды жүзеге асырсын.
Тармақ 6
6. Осы қаулы алғашқы жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 7
7. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары Н.М. Күлжанға жүктелсін.
Басқа 15. Екібастұз қаласының ауылдық жерлерінде тұратын,
аз қамтамасыз етілген отбасыларына (тұлғаларға)
жем – шөп сатып алу үшін 2010 жылға біржолғы материалдық
көмек беру жөніндегі комиссия құрамы
Екібастұз қаласы әкімдігінің
2010 жылғы 3 маусымдағы
№ 476/6 қаулысына
қосымша
Екібастұз қаласының ауылдық жерлерінде тұратын,
аз қамтамасыз етілген отбасыларына (тұлғаларға)
жем – шөп сатып алу үшін 2010 жылға біржолғы материалдық
көмек беру жөніндегі комиссия құрамы
Нұрлан Мұкатайұлы Күлжан
- Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы;
Серік Әубәкішұлы Арыстанов
- "Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы, комиссия төрағасының орынбасары;
Серік Маратұлы Қайырбеков
- "Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі" мемлекеттік мекемесінің азаматтардың жекеленген санаттағы азаматтармен жұмыс бойынша секторының бас маманы, комиссия хатшысы;
Комиссия мүшелері
Бибігүл Мүбаракқызы Аманова
- "Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары;
Әлия Қоқышқызы Базарбаева
- "Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі" мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары;
Кенжебек Дүйсенбайұлы Дүйсенбаев
- "Екібастұз қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы.