Об определении мер социальной поддержки специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры и спорта, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты района на 2010 год Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.06.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2010 жылға арналған ауданның ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын анықтау туралы Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 7 бабы 3 тармақтың 4 тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы» қаулысының 2 тармағына сәйкес, Жақсы ауданы әкімінің 2010 жылғы 30 наурыздағы № 01-338 хатын қарастырып, Жақсы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. 2010 жылға арналған ауданның ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт салаларының 16 (он алты) мамандарына келесі әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылсын:
Тармақша 1
1) жетпіс есептік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы;
Тармақша 2
2) тұрғын үй сатып алу үшін әлеуметтік қолдау - алты жүз отыз есептік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит.
Тармақ 2
2. Осы шешім Жақсы ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. КЕЛІСІЛГЕН Жақсы ауданы әкімінің м.а. С. Өтешев «Жақсы ауданының экономика және бюджеттік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы Қ. Дүзелбаев