Об утверждении ставок платы за пользование водными ресурсами из поверхностных источников на 2010 год по Мангистауской области Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.07.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Маңғыстау облысы бойынша жер үсті көздеріндігі су ресурстарын пайдаланғаны үшін 2010 жылға арналған төлемақы ставкаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Су кодексінің 38-бабына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6 - бабы 5 - тармағына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Маңғыстау облысы бойынша жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін 2010 жылға арналған төлемақы ставкалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Маңғыстау облысы бойынша Салық департаментінің бастығы Қ. Бакенов 23 шілде 2010 ж. «КЕЛІСІЛДІ» Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының бастығы Ж. Албытов 23 шілде 2010 ж.
Басқа 3
Облыстық мәслихаттың 2010 жылғы 23 шілдедегі № 26/302 шешіміне қосымша Маңғыстау облысы бойынша жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін 2010 жылға арналған төлемақы ставкалары Арнаулы су пайдаланудың түрі Теңіз бассей-ні Тұрғын-үй пайда- лану және комму- налдық қызмет-тер (теңге/1000 тек.м) Өнеркә-сіп жылу энерге-тикасын қоса есепте-генде (теңге/1000 тек.м) Ауыл шаруашы-лығы (теңге/1000 тек.м) Су көздері- нен су алуды жүзеге асыратын тоған шаруашы- лықтары (теңге/1000 тек. м) Су көздері-нен балық аулайтын балық шаруашы-лығы, тұтыну- шылар (теңге/ тонна) Су энер-гети-касы (тең-ге/ 1000 кВт. сағ) Су көлігі (теңге/ 1000 тек.м) Каспий теңізі бойынша базалық ставка 72 206 58 56 146 - 7 2009 жылғы инфля- ция коэффи-циенті 1,062 1,062 1,062 1,062 1,062 - 1,062 Төмен- дету коэффи-циенті 0,6 0,6 0,6 0,6 0,6 - 0,6 2010 жылғы ставка 45,87 131,26 36,95 35,68 93,03 - 4,46