2010 жылға мамандықтар тізбесі мен жұмыссыз азаматтарды кәсіби даярлау, біліктілігін арттыру және қайта даярлауға шағын мөлшерін бекіту туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.08.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2010 жылға мамандықтар тізбесі мен жұмыссыз азаматтарды кәсіби даярлау, біліктілігін арттыру және қайта даярлауға шағын мөлшерін бекіту туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қазандағы № 148, «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 Заңдарына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2010 жылға мамандықтар тізбесі мен жұмыссыз азаматтарды кәсіби даярлау, біліктілігін арттыру және қайта даярлауға шығын мөлшері мен мамандықтар тізбесі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалысын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ. Оңдабаевқа жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы Мұнайлы аудандық әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. КЕЛІСІЛДІ: Мұнайлы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлім бастығының м.а. Н.А. Агнурова 27 тамыз 2010 ж. КЕЛІСІЛДІ: Қ. Оңдабаев Т. Асауов Е. Ізбергенов Б. Біләлов Р. Ершаев З. Тастемирова А. Толыбаева Мұнайлы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлім бастығының м.а. Н.А. Агнурова 27 тамыз 2010 ж
Басқа 4
Мұнайлы ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 27 тамыздағы № 173 - қ қаулысына қосымша 2010 жылға мамандықтар тізбесі мен жұмыссыз азаматтарды кәсіби даярлау, біліктілігін арттыру және қайта даярлауға шығын мөлшері мен мамандықтар тізбесі № Мамандықтар атауы Оқу-ға жі- бе- рілетін адамдар-дың саны Оқу мер-зімі Орташа оқу ақысы Барлық төлеуге қажетті сома Жолға арнал-ған шығын (1 адам- ға) Өмір сүру-ге 1 ( адам-ға) Та- мақ- тану 1 ( адам-ға) Меди-цина-лық куә- лан- дыру 1 Аспаз- кондитер 25 1 ай 25000,0 625000,0 2860 - - - 2 Тігінші 10 1 ай 24300,0 243000,0 2860 - - - Барлығы 35 1 ай 49300,0 868000,0 5720 - - -