О социальной помощи семьям, воспитывающим и обучающим на дому детей-инвалидов, на 2010 год Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.01.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2010 жылға арналған мүгедек балаларды үйде тәрбиелейтін және оқытатын отбасыларына әлеуметтік көмек көрсету туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 11-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына, 29-бабы 7-тармағына сәйкес, мүгедек балаларды үйде тәрбиелейтін және оқытатын отбасыларына әлеуметтік көмек көрсету мақсатында, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қалалық бюджеттен әлеуметтік көмектің мынадай түрін көрсетуді қамтамасыз етсін: үйде тәрбиелетін және оқитын мүгедек балалары бар ата-аналарға (заңды өкілдеріне) 2010 жылға Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің алты есе көлемінде тоқсан сайынғы әлеуметтік көмек.
Тармақ 2
2. "Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу бойынша уәкілетті органы болып белгіленсін.
Тармақ 3
3. Мыналар белгіленсін:
Тармақша 1
1) әлеуметтік көмек үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балалары бар ата-аналарға (заңды өкілдеріне) көрсетіледі;
Тармақша 2
2) үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балалары бар ата-аналарға (заңды өкілдеріне) ағымдағы тоқсанға арыз берген айынан бастап әлеуметтік көмек тағайындалады;
Тармақша 3
3) әлеуметтік көмек төлемін тоқтатуға әкелетін жағдай (мүгедек бала он сегіз жасқа толғанда, қайтыс болғанда, мүгедектіктен шығарғанда) болған айдан кейін келесі айдан бастап төлемақы жүргізу тоқталады.
Тармақ 4
4. Қала әкімдігінің 2010 жылғы 25 ақпандағы "Ақсу қаласында мүгедек балаларды үйде тәрбиеленетін және оқытатын отбасыларына жәрдемақы тағайындау және төлеу тәртібі туралы ережені бекіту туралы" № 92/2 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 2010 жылғы 2 сәуірде № 12-2-133 тіркелген, "Ақжол-Новый путь" қалалық газетінде 2010 жылғы 7 сәуірде № 57 жарияланған) күші жойылсын.
Тармақ 5
5. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 6
6. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Е.М. Рахымжановқа жүктелсін.