О проведении призыва граждан на срочную воинскую службу в октябре-декабре 2010 года Қолданыста
Басқа 0
2010 жылдың қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 наурыздағы "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" N 960 Жарлығына сәйкес, 2010 жылы қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2010 жылдың қазан-желтоқсанында шақыруы кейінге қалдыруға немесе босатуға құқығы жоқ 18 ден 27 жасқа дейінгі азаматтардың мерзімді әскери қызметке шақыру өткізілсін.
Тармақ 2
2. Аудандық шақыру комиссияның құрамы қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 3
3. Ауыл және кент әкімдері:
Тармақша 1
1) 2010 жылы мерзімді әскери қызметке шақыруға жататын 1983-1992 жылдары туған азаматтарды қорғаныс істер жөніндегі бөлімінің тізбесі бойынша шақыру учаскесіне келуін қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) әскерге шақырылғандарды шақыру комиссиясынан өткізу және жіберу үшін жеткізуін ұйымдастырсын.
Тармақ 4
4. Нұра ауданының қорғаныс істер жөніндегі бөлімі (Қайролла Шәріпұлы Жолболдин - келісім бойынша) әскерге шақыру мәселелері бойынша қажетті шараларды жүзеге асырсын.
Тармақ 5
5. Аудандық медициналық бірлестігі (Мұқышева Бахыткүл Қабылхамитқызы - келісім бойынша) аудандық шақыру комиссиясын шақыру мерзіміне маман-дәрігерлермен, орта медициналық персоналмен жиынтықтасын, кабинеттерді медициналық құрал-жабдықтармен және аспаптармен қамтамасыз етсін.
Тармақ 6
6. Нұра ауданы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы (Гүлсара Құрашқызы Досполова - келісім бойынша) шақыру учаскесінің күйіне санитарлық бақылауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 7
7. Аудандық ішкі істер бөлімі (Әбілов Сайран Бөгенұлы - келісім бойынша):
Тармақша 1
1) әскерге шақырудан жалтарғандардың іздестіруін және ұстауын қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) әскерге шақырылғандарды жіберу және жеткізу кезінде қоғамдық тәртіптің сақталуын, олардың шақыру комиссиясына және әскерге жіберу кезінде қорғаныс бөліміне және Қарағанды қаласының облыстық жиналыс пунктіне дейін ере жүруін қамтамасыз етсін.
Тармақ 8
8. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Зара Ахметжанқызы Даутоваға жүктелсін.
Тармақ 9
9. Осы қаулы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ
Нұра ауданы бойынша
мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық
қадағалау басқармасының бастығы
Г.Қ. Досполова
13 қыркүйек 2010 жыл
КЕЛІСІЛДІ
Аудандық медициналық
бірлестігінің
директоры
Б.Қ. Мұқышева
13 қыркүйек 2010 жыл
КЕЛІСІЛДІ
Нұра ауданының қорғаныс істер
жөніндегі бөлімінің бастығы
Қ.Ш. Жолболдин
13 қыркүйек 2010 жыл
КЕЛІСІЛДІ
Аудандық ішкі істер
бөлімінің бастығы
С.Б. Абілов
13 қыркүйек 2010 жыл
Басқа 14
Қосымша
аудан әкімдігінің
2010 жылғы 13 қыркүйектегі
N 18/02 қаулысымен
БЕКІТІЛГЕН
Аудандық шақыру комиссиясының құрамы:
1. Жолболдин Қайролла Шәріпұлы - комиссия төрағасы,
Нұра ауданының қорғаныс
істер жөніндегі бөлімінің
бастығы (келісім бойынша)
2. Гизатулин Фаниль Фанауивич - комиссия төрағасының
орынбасары, аудан әкімі
аппаратының азаматтық қорғаныс
және төтенше жағдайлар жөніндегі
бас маманы
3. Девайкина Елена Владимировна - комиссия хатшысы
Комиссия мүшелері:
4. Протасенко Константин Викторович - Нұра ауданының ішкі істер бөлімі
бастығының орынбасары
(келісім бойынша)
5. Балтабаева Зинат Байбекқызы - аудандық медициналық
бірлестігінің терапевт-дәрігері
(келісім бойынша)