О кредитовании микрокредитных организаций для дальнейшего микрокредитования сельского населения в 2010 году Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.09.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2010 жылы ауыл халқын одан әрі шағын несиелендіру үшін шағын несие ұйымдарын несиелендіру туралы «2010-2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2009 жылғы 7 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 шілдедегі № 645 қаулысымен бекітілген Агроөнеркәсіптік кешенді мамандандырылған ұйымдардың қатысуымен қолдау Ережесінің 34 және 36-тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамы тарапынан ауыл халқын одан әрі шағын несиелендіру үшін шағын несие ұйымдарын несиелендіру барысында мыналар:
Тармақша 1
1) жылдық 7,5%-дан артық емес сыйақы ставкасы;
Тармақша 2
2) ауыл халқына (шағын несие ұйымдарын түпкі қарыз алушыларына) берілетін қарыздың жылдық 14,5%-дан артық емес сыйақы ставкасы белгіленсін.
Тармақ 2
2. Ауылдық аумақтар істері жөніндегі комитеті (Тұңғышбеков С.Т.) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және 2010 жылдың 18 мамырынан бастап туындаған қатынастарға таралады.