Түпқараған ауданы бойынша 2010 жылы халықтың нысаналы топтары үшін әлеуметтік жұмыс орындарын құратын шаруашылық субъектілерінің тізбесін бекіту туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.01.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Түпқараған ауданы бойынша 2010 жылы халықтың нысаналы топтары үшін әлеуметтік жұмыс орындарын құратын шаруашылық субъектілерінің тізбесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы және «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңдарына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қосымшаға сәйкес 2010 жылы халықтың нысаналы топтары үшін әлеуметтік жұмыс орындарын құратын шаруашылық субъектілерінің тізбесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалысын бақылау аудан әкімінің орынбасары О.Жарылғаповаға жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ»: С.Қани «Түпқараған аудандық экономика және қаржы бөлімі» ММ бастығы 18 қаңтар 2010 жыл А.Б.Қазиева «Түпқараған аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ бастығы 18 қаңтар 2010 жыл
Басқа 4
Түпқараған ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 18 қаңтар № 04 қаулысына қосымша 2010 жылы аудан көлемінде халықтың нысаналы топтары үшін әлеуметтік жұмыс орындарын құратын шаруашылық субъектілерінің тізбесі № Шаруашылық субъектілерінің атаулары Жұмыс түрлері Жұмыс көлемі Жұмыс мерзімі Еңбекақы мөлшері(ең төменгі жалақы мөлшері) 1 «Каспий коммуналдық қызметі» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны Көгалдандыру жұмыстары Келісім- шартқа сәйкес 1 жылға дейін 14952 тенге Көше тазалығы Әр түрлі жұмыстар 2 «Таушық ауылшаруашылығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестік Мал шаруашылығы Келісім- шартқа сәйкес 1 жылға дейін 14952 тенге Әр түрлі жұмыстар 3 «Ақшұқыргаз сервис» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны Көгалдандыру жұмыстары Келісім- шартқа сәйкес 1 жылға дейін 14952 тенге Көше тазалығы Әр түрлі жұмыстар 4 «Қарағантүбек» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Мал шаруашылығы Келісім- шартқа сәйкес 1 жылға дейін 14952 тенге Әр түрлі жұмыстар 5 «Жайлау» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Мал төлдету Келісім- шартқа сәйкес 1 жылға дейін 14952 тенге Мал қырқу 6 «Түпқараған су жүйесі» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны Көгалдандыру жұмыстары Келісім- шартқа сәйкес 1 жылға дейін 14952 тенге Әр түрлі жұмыстар 7 «Таушық көп салалы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын Көгалдандыру жұмыстары Келісім- шартқа сәйкес 1 жылға дейін 14952 тенге Көше тазалығы Әр түрлі жұмыстар 8 «Қазпочта» акционерлік қоғамы Маңғыстау облыстық филиалы «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан Халқына Жолдауын іске асыру бағытында Баспасөзді халыққа жеткізуші Келісім- шартқа сәйкес 1 жылға дейін 14952 тенге