Об организации и обеспечении в январе-марте 2011 года приписки граждан мужского пола 1994 года рождения, которым в год приписки исполняется семнадцать лет к призывному участку государственного учреждения "Отдел по делам обороны Целиноградского района Акмолинской области" Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.11.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2011 жылдың қаңтар-наурызында тіркеуден өткізілетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды "Ақмола облысы Целиноград ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33, 37 баптарына, 2005 жылғы 8 шілдедегі «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 17 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы Ережеге сәйкес, Целиноград ауданының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. 2011 жылдың қаңтар–наурызында тіркеу өткізілетін жылы он жеті жасқа толатын, 1994 жылы туған еркек жынысты азаматтарды «Целиноград ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне Астана қаласы, Көктал шағын ауданы, Бабатай-ұлы көшесі, 20 үй мекенжайы бойынша тіркеу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
Тармақ 2
2. Целиноград ауданы әкімінің «2010 жылдың қаңтарынан наурызға дейінгі мерзімде әскерге шақыру участкісіне тіркеу жылында жасы он жетіге толатын 1993 жылы туған еркек жынысты азаматтардың тіркеуін ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы» 2009 жылғы 3 желтоқсандағы № 12 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-17-127 тіркелген, 2010 жылғы 22 қаңтарда «Призыв», «Ұран» газеттерінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Целиноград ауданы әкімінің орынбасары Б.А.Жанбаевқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы шешім Целиноград ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» «Ақмола облысы Целиноград ауданының қорғаныс істер жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы Н.Тұнғатаров