Об организации и обеспечении в январе-марте 2011 года приписки граждан мужского пола 1994 года рождения, которым в год приписки исполняется семнадцать лет, к призывному участку государственного учреждения "Отдел по делам обороны Ерейментауского района Акмолинской области" Қолданыста
Басқа 0
2011 жылдың қаңтар-наурызында тіркеу өткізілетін жылы он жеті жасқа толатын, 1994 жылы туған еркек жынысты азаматтарды "Ақмола облысы Ерейментау ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33 бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 17 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы Ережелеріне сәйкес, Ерейментау ауданының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. 2011 жылдың қаңтар-наурызында тіркеу өткізілетін жылы он жеті жасқа толатын, 1994 жылы туған еркек жынысты азаматтарды «Ақмола облысы Ерейментау ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне тіркеу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етсін.
Тармақ 2
2. Ерейментау ауданы әкімінің «2010 жылдың қаңтар-наурызында тіркеу өткізілетін жылы 17 жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды «Ақмола облысы Ерейментау ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы» 2009 жылғы 23 желтоқсандағы № 8 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1-9-141 тіркелген, 2010 жылдың 30 қаңтардағы «Ереймен» аудандық газетінде және 2010 жылдың 30 қаңтардағы «Ерейментау» аудандық газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Қ.Көшкінбаевқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы шешім Ерейментау ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
«Ақмола облысы Ерейментау
ауданының қорғаныс істері
жөніндегі бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің бастығы Д.Дильдибаев